Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет12/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80
Байланысты:
О улы Алматы, 012 удк

“Мен адам бойындағы қостұлғалықты бекер 
айтып отырған жоқпын. Сізбен бір айға жуық хат жазысқан 
бейтаныс адам ешқайдан келген жоқ, ол өзіңіздің ішіңізде” 
Күнделік иесі: 
“Бүгінгі əлеуметтік мінез-құлық: өзінен бас-
қа ның бəрін жек көретін өлермен өзімшілдік, мақтаншақтық, 


35
қатыгездік, мейірімсіздік пен іштарлық патология (ессіздік, 
бейсаналылық) емес пе?» - деп жазады. Мұның бəрі қоғамдағы 
босаңсудан пайда болған түпсанадағы ессіздік, кеселдік дерті. 
Жаңа нарықтық демократияшыл қоғамның күреспей, тиісті 
моральдық қалқан жасамай жауыздықты беталды жіберіп алудың 
салдары. Күнделік иесі Мағжанша: 
«Сұм өмір абақты ғой са-
налыға», – деп толғанады. 
Күнделік иесі жындыханаға түседі. Алайда сырқатының 
түрі есі ауысқандыққа жатпайды. Ол туралы дəрігер өз ойын: 
«Шынайы тазалық бұл өмірде құлағалы тұрғандай көрінеді. 
Бəлкім, оны құлатпай ұстап тұрған сіз секілді санаулы адамдар 
шығар...» деп білдіреді. 
Күнделік иесінің қасіретті дерті – қай күні таңертең басқа адам 
болып оянатындығында. Оның екіншіжартысы бұған қа 
рама-
қарсы пиғылдағы жан. Біріншісі ізгілікке сенсе, екіншісі зұлым-
дыққа жақтас болады. Оның пікірінше: 
«Ізгілікке де, зұлым дыққа 
да сену керек. Зұлымдықтың да пайдасы бар. Зұ лымдықтың бір 
өкілі - ажал. Егер ажал болмаса, жер бетінде қандай тіршілік 
болар еді? Ауру өлмесе, кəрі өлмесе, қарақшы өлмесе не болар еді? 
Тозақ қана болар еді. Бойымызда кісі өлтіре алатын қатыгездік 
болмаса, қанішерлерден өзімізді қалай қорғар едік?» - дейді. 
Күнделік иесі дəрігердің «таңертең басқа адам болып оянасыз» 
дегенінен шошынады. «Жоқ, ешқашанда!» деп өзіне ант бер-
гендей болады. Шығарманың көркемдік идеясы «өз өміріңді 
құрбан етсең де, жамандыққа жол берме” деген ойға алып келеді. 
Кейіпкердің болмысына, ой саптауына қарап отырып, біз оның 
негізінен жүрегі ізгі жан екенін байқаймыз. Жақсы адам бола тұра, 
бір басында қайшылығы, ой-сезім арпалысы мол жан. Екінші 
тұлғасы - Бейтаныс құрбы - оның жан жарасы. Повесть Сократ, 
Ницше, Фрейд, Абай сияқты ірі ойшылдарға сүйене отырып, 
«бостандық адамның өзінің ішінде, санасында, қоқыстан ары-
ламын десең, өзіңді өзің жеңу керек», – деген қорытындыға 
келеді. «Парасат майданы» шығармасы адамзат тарихында қол 
жеткізген рухани құндылықтарды сақтауға үндейді.
Ал К. Сегізбаевтің “Арасан” хикаятының сюжеті негізінен екі 
желіде дамиды. Бірі - нарықтық тəртіптің қоғам экономикасын 
құлдыратқан, ел ішін ойрандаған, жұрт пиғылын бұзған қар қы-


36
нын суреттесе, екіншісі – жеке меншікке үйренген сайын ауыл 
адамдарының жаңа жағдайға икемделіп, бойкүйездіктен арылып, 
қарымды іске көшкен, еңселерін тіктеген тұрмысы суреттеледі. 
Шығарманың бас кейіпкері – Оспанқұл қарт. Ол бұрынғы Кеңес 
үкіметінің кезінде озат шопан болған, көптеген марапаттар 
алған. Сол кезеңдегі Оспанқұлдай адамдардың көбі 
нің совхоз 
таратылғанда тиесілі болған азын-аулақ малды ермек қылып отыра 
беретіні белгілі. Ал шығарманың кейіпкері бұлай жасамайды, 
қоғамдағы болып жатқан жағдайларға ол қатты алаңдайды. Оның 
үстіне кенже баласы Сəрсенқұл қалаға оқуға барған жерінен 
əлдебір бұзықтарға ілесіп, істі болады. Ол жақтан мүлде өзгеріп, 
бұзылып оралады. Кезінде өзіне көмекші болып, содан шаруасын 
түзеп алған Молданбайдың сараңдығы да Оспанқұл қартты 
одан ары қайрай түседі. Қоғамдағы өзгерістер тек Оспанқұлды 
ғана емес, шығарманың өзге де кейіпкерлерін өзгертіп, жаңа 
заманның ыңына жыңылып, жаңаша өмір сүруге үйретеді. Мысал 
ретінде Оспанқұлдың көршісі Асанды айтуға болады. Оның бір 
баласы мал ұрлап, сотталып кетеді. Басына түскен қиындықтарға 
мойымай, алға ұмтылады, мынадай заманда тек тынбай адал 
еңбектенген адам ғана мұратына жететінін түсінеді. Ол: 
“Бұл 
тіршілігімде жалқау да, жаман да, ұры да атандым. “Білекке 
сенер жастық өтті, білікке сенер кəрілік жеткенде” мені де 
жүрегімнің қинаған жайы бар, ағайын! Тоқтадым! Құран ұста 
десең құран ұстадым, мінеки! Мен бірдеңе ұқсам, бұл заман 
жалқау мен жалдапты аямас заман екен. Бүгін қайта туғандай
əр тірлікке тастүйін əрекет еткен жайым бар. Тек, ес жинап, 
қатарыңа қосылғанша, көзге түртпесең екен...”, - дейді. Дер 
кезінде ақылға келіп, заманына қарай əрекет еткен Асанның 
шаруасы да оңалды. Яғни, шығарма кейіпкерлері - өз заманына 
икемделіп өмір сүре білген, нарыұтыұ кезең адамдары. Жазушы 
осындай кейіпкерлері арқылы адам бойындағы өзгерісті жан-
жақты аша отырып көрсете білген.
Нұрлан Қамидың «Шал» атты хикаятының оқиғасы аты 
атал майтын кейіпкер Шалдың өмірін суреттеуге құрылған. Ол 
соғыс кезінде немістердің қолына тұтқынға түсіп қалады да, 
туған Отанына келгеннен соң Сібірге жер аударылады. Көптеген 
қиындықтарды басынан өткізеді. Ақыры ауру-сырқаулы болып 


37
еліне оралады. Еліне келгеннен кейін оны ешкім елемейді, 
атаусыз қалады. Сол атаусыз күйі өмірден өтеді. 
Кейінгі жылдары көбірек қозғалып жүрген тақырыптардың 
бірі – табиғат пен адам арасындағы тайталас. Д. Батырдың «Ті-
леп алған қасірет», А. Алтайдың «Туажат» хикаяттары да осы 
мəселені көтеруге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет