Оқулық Алматы, 012 удк


шығармалар. Лирикалық проза. Сипаты, зерттелуі, жанрлық



Pdf көрінісі
бет11/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80
Байланысты:
О улы Алматы, 012 удк

шығармалар. Лирикалық проза. Сипаты, зерттелуі, жанрлық 
ерекшеліктері. Қазақ əдебиетіндегі лирикалық прозаның даму 
ерекшеліктері. Сюжет пен композиция. Лирикалық прозадағы 
психологизм. 
Егемен ел аталып, тəуелсіздік туын желбіреткен тұста рухани 
мұраны, əсіресе қоғамның болмыс-бітімі мен кескін-келбетін ба-
ғамдайтын əдебиетті жаңаша саралау – өзекті мəселелердің бірі.
Қазақ прозасы əдебиетіміздің өзге жанрларына қарағанда 
өзінің кең құлаштығымен де, көркемдік-эстетикалық қуатымен 
де халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алады. Замана 
ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің 
та 
қырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып 
отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, 
ұлттық идеяның дамуына түрткі болды.
Бүгінгі таңда, елдің егемендігі, ұлттың тəуелсіздігі төл 
туындыларымыздағы заман шындығы мен халық тағдырының 
көрініс беруі, ұлттық идеяны насихаттау, оны көркемдік тұрғыда 
жинақтау мен пайдалануда қазақ қаламгерлерінің қол жеткізген 
жетістіктерін жан-жақты талдау қажеттігін тудыруда.
Қазіргі қазақ прозасы бүгінгі заман тіршіліне шындап бет 
бұрды. Тақырып аясы кеңіді. Образдар жүйесі жаңа бейнелермен
толықты. Өмірге қилы мінезді, алуан келбетті кейіпкерлер келді. 
Образ жасаудың тəсілдері жаңаша сипаттарға ие болды. Бүгінгі
күн тақырыбын көтерген жазушылар замандастарымыздың ішкі
жан əлеміне оның моральдық, этикалық сипаттарына тереңірек
үңіле отырып, сан алуан қасиетке ие бейнелер жүйесін жасады. 
Тəуелсіздік жылдарындағы əдебиетімізде алдыңғы буын 
дəстүрі кең көлемде тың ізденістермен молығып, жалғасын тапты. 
Көп жыл бойғы көркем əдебиетке күштеп таңылған социалистік 
реализм əдісінен қол үзген жаңа буын əдебиеті жаңа өріс іздей 
бастады. Сол ізденістер нəтижесінде тың сипатты туындылар 
дүние ге келді. 


32
Осындай шығармалардың қатарына ұлттық прозамызда аң-
дар мен құстар, жан жануарлар əлеміне тереңдей еніп, сол 
негізде қоғамдық əлеуметтік, адамгершілік мəселелерді көтерген 
туындыларды жатқызуға болады. Солардың барлығына бірдей 
тізбектемей, кейінгі тəуелсіздік жылдары осы дəстүр қалай жал-
ғасын тапты деген мəселеге тоқталып көрелік.
Жан-жануарлар əлемі арқылы гуманистік идеяны көтеру 
қазіргі прозаның өзекті мəселелерінің біріне айналғаны анық. 
Адам мен табиғат бірлігі мен қарама-қайшылығы бірқатар 
шығармаларға арқау болып, өзекті мəселеге айналды. 
Қазіргі прозада өзіндік ізденісімен танылып жүрген жазушы 
Асқар Алтайдың «Алтайдың алқызыл модағайы» роман-мифінің 
кейіпкерлері Ұлар атты аңшы жігіт пен Бұлабике атты ару жəне 
Айқоңыр ныспылы аю. Оқиға осы үшуінің айналасында өрбиді. 
Романның символикалық астары терең. Оқиға Бұлабикені 
əкетпек болған Айқоңырдан қызды Ұлар аңшының арашалап 
қалуынан басталады. 
Роман соңында трагедиялы оқиғамен аяқталады. Бұлабике 
де, Ұлар аңшы да, Айқоңыр аю да мерт болады. Жазушының 
аюы аюша ойлап, аюша əрекет еткені. Хайуандық инстинкпен 
адамдар өміріне араласпақ болған Алтай аюының əрекетінен гөрі 
адамдардың əрекеті қатыгездік сипатымен ерекшеленген. Адамға 
қасірет əкелетін негізінен адамдардың өздері. Бұлабикені сұмдық 
қазаға қиған өз тумаластары. Бейітіне келіп, қыз мəйітін қорлаған 
Айқоңыр аюдан Ұлар екінші рет, соңғы рет сүйіктісін арашалайды. 
Аю да, өзі де осы бейіт маңында мерт болады. Бұлабике арудың 
тағдырын автор қаншалықты нəзік иірімдермен бейнелесе, Ұлар 
аңшы характері де осы бағытта мүсінделген. Ал, алтайдың аюы 
Айқоңыр бейнесін беруде аң психологиясы мен адам түйсінетін 
ұғым-сезімдерді қабаттастыра отырып, тың тəсілге барған. 
«Алтай элегиясы» туындысын автор повесть-притча деп 
атайды. Повестің негізгі оқиғасы бала қиялындағы қызыл 
бөлтірікке бағытталған. Бастан аяқ символдық бейнелеулермен 
баяндалған оқиға желісінен табиғат пен адамзат арасындағы 
үндестік пен қайшылық сияқты аса күрделі философиялық пайым 
аңғарылып отырады.
Қазіргі прозада жан жануарлар бейнесін нысан етудегі елеулі 


33
бір жаңалық – жартылай адам, жартылай хайуан бейнелердің 
туын дауы. Ежелгі мифтердегі Сфинкс, Кентавр сияқты зооантро-
поморфтік бейнелер көркемдік-идеялық мақсатта қазіргі көркем 
прозаға кейіпкер болуда. Мысалға Асқар Алтайдың «Кентавр», 
Айгүл Кемелбаеваның «Қоңырқаз» əңгімелерін айтуға болады.
Асқар Алтайдың кейіпкері жартылай адам, жартылай ат болып 
дүниеге келген бала. Есейе келе үйге симайды. Ашық аспан 
астында түнеуге мəжбүр. Балаларының бұл халі ата-анаға үлкен 
қасірет. Автор Кентавр арқылы көне мен жаңаның тартысын, 
табиғат пен адамның бір-бірінен алшақтауын тұспалдайды.
А. Кемелбаеваның «Қоңырқаз» əңгімесіндегі кейіпкер де 
то 
сын. Тағдырдың жазуымен некесіз сəбиді өмірге əкелмек 
Қаршыға атты өнерлі қыз тағдыры күтпеген арнаға бет бұрады. 
Үлкен сахна жайлы арманын естен шығарып, тауда жалғызқой 
бағып отырған аға жеңгесінің қасына келеді. Тауға келген ол құс 
жұмыртқаларына ерекше құмартады. «Көлдерге жаяу жалғыз 
кетіп қалатын Қаршығаның жабайы құс жұмыртқаларына өлер-
дей құмартып, аяғы ауырлығына қарамай, жүзіп іздеп, жыл 
құстары толтырып тастаған ұяларды үптеп, жұмыртқа ұрлап жеп 
жүргені қойшы мен əйелінің үш ұйықтаса түстеріне кірмес еді». 
Өмірге келген қыз баланың арқасындағы болар болмас шеміршек 
төрт жасқа толғанда күлтеленген қанатқа айналады. Хорлан атын 
иемденген, нағашысы Қоңырқаз деп атаған қыз бала тағдыры 
тым ерекше болады. Ол да құстарды ерекше жақсы көріп, саз 
балшықтан олардың мүсінін жасайды. Жыл құстары келіп жатқан 
жазғытұрым ол тауға рұқсатсыз қашып кетеді. Өйткені бар аңсары 
құстарға ауған. Бір күні зəбір көрген баланы қорғамақ болып 
ұмтылғанда арқасындағы қос қанат жайылып, баланы биікке алып 
ұшады. Əлсіреп, суға жығылған қыз енді адами түйсіктен мүлде 
ажырап, құстар дүниесіне еніп кетеді. Қоңырқазды бірнеше аққу 
көтеріп алып, ұшып кетеді. 
Əңгіме астарында рухани еркіндікке, рухани бастауға деген 
сағыныш пен аңсар жатқаны айқын. Құс пен адам тағдырын 
бір бойына сыйдыра туған Хорлан қыз жазушы қиялы тудырған 
символдық бейне. Кеңістікке құмар құс сипатты рухтың тұспалды 
символдық бейнесі болып Қоңырқаз – Хорлан алынған. 
Қазақ прозасындағы көркемдік ізденіс көкжиегін кеңейткен 
3–1036


34
Кентавр мен Қоңырқаз – жаңа тұрпатты символикалық бейнелер. 
Көне аңыздар мен мифтердің мазмұнын құрайтын адам мен 
табиғаттың бірлігі, тепе-теңдігі көркемдік ойлау жүйесінде 
түрлі символдық мəнге ие поэтикалық бейнелердің туындауына 
əкелгеніне бұл əңгімелер мысал бола алады.
Қазақ əдебиетінде өзіндік дəстүрі қалыптасқан жанр – хикаят 
болып табылады. Бүгінгі таңда оқырман жүрегінен өзіндік орын 
алып жүрген осы жанрдағы туындылар қатарына Т. Əбдіктің 
“Парасат майданы”, А. Алтайдың “Туажат”, К. Сегізбаевтың 
“Арасан”, Н. Қамидың “Шал”, Д. Батырдың “Тілеп алған қасірет” 
т.б. көптеген хикаяттарды жатқызуға болады.
Төлен Əбдіктің “Парасат майданы” повесінде тұлғасы 
кере ғар “екі адамға” бөлінетін кейіпкер бейнеленеді. Ол бірде 
“Күнделік иесі”, бірде “Бейтаныс құрбы” деп аталады. Жазушы 
бір адам бойындағы қайшылық арқылы барша адамзаттың 
қайшылығын көрсеткісі келеді. Бейтаныс құрбы мен Күнделік 
иесінің арасындағы текетірес - зұлымдық пен ізгілік арасындағы 
мəңгі майдан. Бұл хикаятта адамзаттың келешектегі тағдыры 
қалай болмақ деген сұрақтың жауабы айқындалады.
Кейіпкер Күнделік иесі араға үш-төрт күн салып, басқа бір 
адамға, яғни Бейтаныс құрбы болып оянып жүреді. Осы “екі 
адам” бір-бірімен хат жазысып таласып-тартысады. Күнделік 
иесі Бейтаныс құрбысын, яғни өзінің өзгерген кейпін “өте зымиян 
адам” деуге дейін барады. 
Адамдар арасындағы шым-шытырық қарым-қатынастан ту-
ын 
дайтын оқиғаларды автор шебер бейнелеген. Күнделік иесі 
жасырып ұстайтын дəптерін кімнің оқып, пікір жазып жүргенін 
білмей дал болады. Осы оқиға қашан аяқталғанша шығарма 
соңына дейін оқырман сюжет желісін қадағалап, қызығып 
отырады, құпия хаттың иесін білуге асығады. Тек шығарманың 
аяғында ғана бейтаныс құрбының Күнделік иесі екенін біледі. 
Күнделік иесі оны жүйкесі ауырып келген кезде дəрігердің мына 
сөздерінен біледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет