Ұлы дала ұбт білім беру орталығының Биология пәнінің мұғалімі: Абылқасымова Зере Биология пәнінен Эндокриндік жүйе Бездер



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата22.05.2023
өлшемі416,42 Kb.
#96077
1   2   3   4   5
Байланысты:
№13 Гормондар

пропорционалды: дене бітімінің сәйкестілігі; 2) дене бітімінің сәйкессіздігі
36. Эпифиздің пішіні: домалақша без. 
37. Эпифиздің салмағы: 0,2 г. 
38. Орталық ми мен аралық мидың ортасында орналасқан без: эпифиз 
39. Эпифизден бөлінетін гормон: Мелатонин гормоны бөлінеді. Ол – организмдегі 
тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі бездерінің ж/е қандағы калий мөлшеріне әсер етеді. 
40. Барлық омыртқалы жануарлар мен адамда болатын ішкі секреция бездерінің 
ішіндегі ең ірісіқалқанша безі 
41. Көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан без: қалқанша без 
42. Қалқанша бездің ересек адамда салмағы: 15 – 30 г, пішіні – таға тәрізді. 
43. Қалқанша безінің нәрестедегі салмағы: 1 – 2 г 
44. Қалқанша безінің негізгі гормоны: тироксин. 
45. Тироксин гормонының қызметі: Тироксин гормоны зат алмасуға (нәруыз бен 
май) қатысады; Организмнің өсуі мен дамуын реттейді; Жүйке жүйесінің қозуы 
мен жүректің жиырылуын арттырады. Құрамында йод бар. 
46. Қалқанша безінен гормон жетіспесе болатын аурулар: МИКСЕДЕМА
КРЕТИНИЗМ, ЗОБ (ІСПЕҰҒАҚ, ЖЕМСАУ) 
47. Микседеманың белгілері: Зат алмасу төмендейді, нәруыз алмасу бұзылады; 
Терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді; Адам семіреді, дене 
температурасы 35C болып, үнемі тоңады, күш қуаты аз, әлсіз болып, ұйқысы келе 
береді. Дене температурасы төмендейді; Жүрек қызметі бұзылады; Қимыл – 
қозғалыс кезінде әлсіздік байқалады; Сөйлесу, ойлау нашарлайды; Шашы түсіп, 
сирейді. Емі: тироксин гормоны. 
48. ІСПЕБҰҒАҚ (ЭНДЕМИЯЛЫҚ ЗОБ). Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе 
пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15 – 0,20 мг болу 
керек. Белгілері: Қалқанша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг жетеді; 
Емі: Балабақша мен мектептерде балаларға антиструмин дәрісін береді. 
49. КРЕТИНИЗИМ: Жас балалардың бойы өспей, ми сыңарлары қыртысының 
қызметін бұзылып, ойлау процесі мен жыныстық жетілуі тоқталады, ақыл – есі кем 
болады. 
50. БАДЫРАҚ КӨЗ (БАҚШАҢКӨЗ Н/Е БАЗЕДОВ АУРУЫ) Белгілері: Зат алмасу 
қарқынды жүреді; Жүйке жүйесі шектен тыс қозады, жүрегі жиі соғып, тыныс алуы 
жиілейді; Температурасы 37 – 38 С болады, ұйқысы қашады, жеген тамағы ағзаға 
сіңбейді Көздің бұлшықеттеріне күш түсіп көз бақырайып кетеді; Жүректің 
жиырылуы, қан қысымының жоғарылауы; Жүйке жүйесінің қызметі артады; 
Тамақты көп ішкенмен арықтайды; Тез ашуланғыш, терлегіш болады; Көздері 


бадырайып, шарасынан шығып тұрады; К.А.Базедов сипаттап жазған. Емі
қалқанша безінің кішкене бөлігін кесіп тастайды н/е рентген сәулесі. 
51. Бездердің екеуі қалқанша безінің жоғары жағына, екеуі төменгі жағына 
орналасқан: қалқаншамаңы безі 
52. Қалқаншамаңы безінің үлкендігі: асбұршақтай. Салмағы: 20 – 50 мг. 
53. Салмағы ер адамдарда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45 – 50 жасқа дейін өседі. 
54. Қалқаншамаңы безінің гормоны: паратгормон. 
55. Паратгормонның қызметі: А) сүйектерде жиналатын фосфор мен кальцийдің 
мөлшерін реттейді. Ә) тағамның құрамындағы кальций пен фосфордың ішекке тез 
сіңуін әсер етеді. 
56. Егер ағзада паратгормон жетіспесе н/е алып тастаса: Қанда кальцийдің мөлшері 
азайып, фосфордың мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы 
артады; Бұлшықеттер сіресіп (түйіліп) қалады; Тістер өте сынғыш, бор түстес 
дақтар пайда болады. 
57. Қалқаншамаңы безінен паратгормон көп бөлінсе: Сүйекте кальций азаяды; Қан 
тамырларда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Адамда әлсіздік, 
селқостық, көңілсіздік пайда болады. 
58. Кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады: айырша без (тимус) 
59. Айырша без балалық шақта ірі – 30 г, жыныстық жетілуден кейін – 20 г 
60. Айырша безінің гормоны: тимозин. 
61. Тимозин – иммундық жүйенің орталық мүшесі. 
62. Тимозин жетіспесе: Иммундық қасиет төмендейды; Көкбауырдың мөлшері 
кішірейеді; Қандағы лимфоцит мөлшері азайып, антидене түзілмейді. 
63. Бүйректің жоғары жағындағы жұп бездер: бүйрекүсті безі 
64. Бүйрекүсті безінің екі қабаттан тұрады: сырты қыртысты, ішкі милы 
65. Кортикоидтар – бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабатында түзілген гормон. 
Күйзеліс кезінде бөлінеді. 
66. Кортикодитардың Қызметтері: ағзада көмірсу мен май алмасуын реттейді; қан 
тамырлар жүйесінің қызметін, қаңқа бұлшықеттерінің, ішкі мүшелердің 
бұлшықеттерін белсендіреді. 
67. Глюкокортикоидтар: нәруыздың көмірсуға айналуына (глюкоза), нәруыз ж/е 
көмірсудың ыдырауының қарқынды нәтижесінде энергия бөлінуіне әсер етеді; 
68. Минералдыкортикоидтар: минералды заттардың, тұз бен су алмасуын реттейді. 
Қан мен ұлпадағы натрий, калий, хлордың қалыпты мөлшерін реттейді. Жыныс 
мүшелерінің дамуы мен қалыптасуына септігін тигізеді. 
69. Бүйрекүсті безінің милы заттың гормондарының қызметі: Артериялық қысым 
жоғарылайды; Жүректің жиырылуы жиілейді; Қанда глюкозаның мөлшері артады; 
Қанның ұюын тездетеді; Ұлпалардың оттекті пайдалануы жоғарылайды; Қуық пен 
бронхылардың бұлшықеттері босайды. Гормоны: адреналин, норадреналин. 
70. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты жарақаттанса н/е гормон аз бөлінсе: 
Қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдың мөлшері артады; Су 
мөлшері азайып, қан қысымы төмендейді; Қанда қанттың ж/е ұлпаларда 
гликогеннің мөлшері азаяды. 
71. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының бұзылуынан пайда болатын ауру: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет