көркемдік ерекшеліктері. Ақынның бір- біріне қайшы екі құбылысты қатар
қойып, жұптап суреттеу əдісі. Дастанның он бір буынды аруз жүйесімен
жазылуы. Сүлеймен Бақырғани – сопылық сарындағы хикмат жырларымен
есімі мəшһүр ақын. Қожа Ахмет Иассауидің
философиялық ой- пікірлерін
ислам қағидалары бойынша жалғастырушы шəкірті. «Бақырғани кітабының»
негізгі идеясы – сопылық дəстүрді мадақтау, адамгершілікке ,
адалдыққа,
бауырмалдыққа үндеу. Гуманистік ой- пікірді ислам діні қағидалары
тұрғысынан баяндау. «Бақырғани кітабының» қазақша аударылуы.
№9 дəріс Махмұт Қашқари (ХІ ғасыр)
Махмұт Қашқари (ХІ ғасыр)- ұлы филолог, ауыз əдебиеті үлгілерін жинап,
зерттеуші ғалым, саяхатшы. «Диуани лұғат –ат түрік»- түрікше- арабша
түсіндіме сөздік. Қазіргі түркі тілді халықтардың бəріне ортақ мұра. «Диуани
лұғат –ат түрік»-
тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырлардағы
түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мəдени, əдеби,
саяси өміріне, көне
тарихи мен əдет – ғұрпына, салт- санасы мен наным – сеніміне, т.б қатысты
бағалы деректері мол жинақ. «Диуани лұғат –ат түрік» əдеби мəні. «Сөздікте»
мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері: бəйіттер, ғазалдар, тұрмыс –
салт жырлары, мақал- мəтелдер,
қанатты сөздер, ғибрат сөздер, сажьдар /ақ
өлең/, насыр/проза/. М.Қашқари «Сөздігіндегі» адамдардың қадым
замандардағы
тұрмыс тіршілігін, көк Тəңірісі мен Күнге табыну дəуірін
бейнелейтін көркемсөз үлгілері. «Диуани лұғат –ат түрік»- сөздігінде табиғат
туралы өлең- жырлар. Жылдың төрт мезгілі- көктем, жаз, күз жəне қыс –
көріністеріне арналған өлеңдер.Қыс пен жазың айтысы. Аңшылық жайындағы
өлеңдер мен еңбек,
егін салу, мал бағу тақырыбына арналған өлең- жырлар.
Махмұт Қашқари жинаған бəдік, бақсы өлеңдері, бата- тілек, бесік жыры, той
басар, жар-жар, жоқтау, естірту, т.б жыр үлгілері. «Диуани лұғат –ат
түріктегі» мақал- мəтелдер, ғибрат сөздер, афоризмдер. Қазіргі қазақ тілінде
қаз- қалпында қолданылатын мақал- мəтелдер, қанатты сөздер..
Достарыңызбен бөлісу: