Қазақ филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет35/53
Дата24.05.2023
өлшемі489,64 Kb.
#96443
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Байланысты:
Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті

№13 дəріс Хорезми «Мұхаббат- наме». Дұрбек «Жүсіп Зылиха» дастаны. 
« Мұхаббат - наме»дастаны – Алтын Орда дəуірі əдебиетінің ең көрнекті 
үлгісі.Хорезми – Алтын Орда ханы Жəнібектің тұсында өмір сүрген ақын.Сол
Жəнібектің Сыр бойындағы əкімдерінің бірі болған Мұхаммед Қожабектің 
тапсыруы бойынша 1353 жылы « Мұхаббат- наме» дастанын жазған. « 
Мұхаббат- наменің » көне ұйғыр жазуындағы жəне араб жазуындағы екі 
нұсқасы табылды. « Мұхаббат – намені » зерттеуші , аударушы, бастырып 
шығарушы ғалымдар: Э.Н.Нəжіп, А.М. Щербак, С.Қасымов, В.Валиходжаев, 
Н.Маллаев, А.Қыраубаевалардың еңбектері. « Мұхаббат- наме » - адам 
бойындағы ең ізгі қасиеттер болып саналатын махаббатты, ізгілікті, 
бауырмалдықты, жомарттықты, кішіпейілдікті, т.б ту етіп көтерген дастан. Ол 
Алтын Орда түркілерінің бəріне бірдей түсінікті болған шағатай тілінде 
жазылды, Дастанда қыпшақ тілі элементтері басым. Дастан сюжеті қызықты , 
тілі көркем , көріктеу құралдары алуан түрлі, өлең құрылысы шебер жасалған . 
« Мұхаббат- наме» дастанының өлең үлгісі негізінен екі тармақты, он бір 
буынды болып келеді. Дастанның екі, үш, төрт буынды ұйқаспен келетін 
тұстары да бар. 
№14 дəріс Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер 
« Түркі шежіресі»- бертін келе жатқан қазақ халқын құраған рулар мен 
тайпалардың көне тарихы, тұрмыс-тіршілігі, түркі елін басқарған 
қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы құнды деректері мол 
шежіре.Бұл шежіре тоғыз тараудан тұрады. Шежіренің 1-2 тарауларында 
Адам-атадан бастап,Шыңғыс ханға дейінгі оқиғалар, ал 3-5 тарауларында əлем 
əміршісінің 
Шағатай 
жəне 
Төле 
деген 
ұлдарының 
Маураннахр,Моғолстан,Иран жəне Қашғария жерінде билік жүргізуі, 7- 8 
таруларында Жошы балаларының Дешті Қыпшақтағы əкімшілік істері, қазақ 
хандары, шешендері мен ақындары туралы əңгіме болады. « Түріктер
шежіресі» тек тарихи мұра ғана емес , өз дəуірінің көркем туындысы. 


Əбілғазының бұл еңбегі туралы белгілі ғалымдар А.Н Кононов , С.Н.Иванов, 
қазақ тілі тұрғысынан Ғ.Қайдаров, Б.Əбілқасымов т.б зерттеулер 
жасады.Қазақ тілі тарихы мен қазақ əдебиеті тарихын танып білуде баға 
жетпес жазба ескеткіштердің бірі – Қадырғали Жалайыридің « Жами- ат 
тауарих»,(« Шежірелер жинағы») атты шығармасы. « Шежірелер жинағы» 
(1602 ж).ХІҮ- Х ҮІ ғасырлардағы қазақ елінің ішкі жəне сыртқы жағдайы, 
басқа елдермен қарым қатынасы, бірқатар қазақ хандарының генеологиясы, 
қазақ даласындағы саяси əлеуметтік оқиғалар баяндалады. Шежірелер жинағы 
тарихты баяндайтын шығарма болса да, онда ұйқасты ырғақты ақ өлеңге, 
толғауларға, ғажайып теңеулерге, айшықты сөз тіркестеріне, мақал-
мəтелдерге, нақыл-ғақылия сөздерге толы. Мұның өзі көркем проза үлгісіндегі 
шығарма екенін танытады. Шежірелер жинағы алғашқы басылымдарының 
зерттелуіне 
И.Березин, 
Ш.Уалиханов, 
Ə.Марғұлан, 
Қ.Жүнісбеков, 
Т.Р.Қордабаев, Р.Сыздықова, З.Ə.Хисамиева т.б. еңбектерінің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет