Қазақ филологиясы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет33/53
Дата24.05.2023
өлшемі489,64 Kb.
#96443
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
Байланысты:
Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті

№10 дəріс Жүсіп Баласағұни (ХІ ғасыр) «Құтты білік» дастаны. 
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн – ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан 
ойшылы, ғалымы, белгілі қоғам қайраткері. Жүсіптің есімін əлемдік əдебиет 
тарихына мəңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден – бір əдеби 
мұрасы – « Құтадғу біліг» (« Құтты білік») дастаны.Бұл дастан қазіргі түркі 
тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық- саяси өмірі, ғылымы, 
əдебиеті мен мəдени дəрежесі, əдет- ғұрпы, наным- сенімі, т.б жөнінде аса 
қызықты, əрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды. « Құтты білік » 
дастанының бізге үш нұсқасы – Вена / яки Герат/ , Каир жəне Намаган 
нұсқалары жетті. « Құтты білік» дастанын зерттеуші ғалымдар, 
аудармашылар, бастырып шығарушылар : Ж. Амадес, Г.Вамбери, В.В. Радлов, 
Е.Э.Бертельс, А.Валитова, С.Е.Малов, С.Муталлибов, К.Каримов, С.Иванов, 
А.Егеубаев, Б.Сағындықов, т.б. Бұл дастанның негізгі идеясы мемлекетті 
дұрыс басқару мəселесі.Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп 
жазылған: əділдік, бақ- дəулет, ақыл- парасат, қанағат.« Құтты білік» - 
дидактикалық дастан. Төрт принциптің символы ретінде көрінетін төрт 
қаһарманы: Күнтуды патша, уəзірі Айтолды, уəзірдің баласы Ұғдулміш, 
дəруіш Одгурміш. « Құтты білік » дастанының негізгі сюжеттік желісі, 
шығарманың негізгі төрт қаһарманының өзара əңгімесінен, сұрақ-


жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. «Құтты білік» 
дастанында ел басқарған əкімдер мен қалың бұқара арасындағы қарым-
қатынас мəселесі қозғалады. «Құтты білік» дастанында ел басқаратын 
əкімдерге қойылатын талаптар: əділдік, ақыл-парасат, өнер-білімге жетік болу, 
ниеті түзу, сөзі шырын, пейілі кең, кек сақтамайтын болу. Дастанда ақыл - 
парасат, өнер-білім, əдептілік, тəлім-тəрбие, мінез-құлық, кішіпейілдік, 
жомарттылық, мейірімділік, тіл мəдениеті, əке-шешені құрметтеу, т.б. 
мəселелер сөз болады. Дастанның көркемдік ерекшелігі, түркі тілінде аруздың 
«ықшамдалған» мутакарриб деп аталатын өлшем түрімен жазылғандығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет