ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. № 6 (44). 2009 52
Осы орайда біз 1949 жылғы Соғыс кезіндегі азаматтық тұрғындарды қорғау туралы
Женевалық конвенцияны «Соғыс кезіндегі балаларды қорғау» атты арнайы бөлім мен
толықтыруды ұсынамыз. Дәл осындай бөлім жоғарыда қаралған Соғыс құрбандарын қорғау
туралы Женевалық конвенцияларға арналған 1977 жылғы екі Қосымша хаттамаға енгізілсін.
Мәселенің бұлай қойылуы алдыңғысынан едәуір кешірек қабылданған халықаралық-
құқықтық актінің - 2000 жылдың 25 мамырындағы Бас Ассамблеяның (A/RES/54/263)
резолюциясымен қабылданған және қол қою, бекіту және қосылу үшін ашық болып келетін,
қарулы қақтығыстардағы балаларға қатысты болып келетін Бала құқығы туралы
конвенцияның Факультативтік хаттамасының анағұрлым толық түрде қамтамасыз етілуі
үшін қажет.
Хаттаманың қабылдаудың негізгі себептері:
- балалардың құқығы ерекше қорғауды қажет ететінін мойындау және балалардың
ешбір айырмашылықсыз жағдайын үнемі түрде жақсартуды, сондай-ақ олардың тыныштық
пен қауіпсіздік жағдайындағы дамуы мен білім алуын қамтамасыз етуге шақыру;
- қарулы қақтығыстардың балаларға кесірлі және кең ауқымды әсеріне, сондай-ақ сол
қақтығыстардың берік бейбітшілікке, қауіпсіздік пен дамуға төндіретін ұзақмерзімді
зардаптарына қатысты алаңдаушылық;
- қарулы қақтығыс жағдайындағы балалардың өміріне қол сұғушылықты, сондай-ақ
халықаралық құқыққа сәйкес қорғалып отырған нысандарға, соның ішінде өздерінде бала
көп жүретін мектептер мен ауруханалар тәрізді орындарға тікелей шабуыл жасауларды
айыптау;
- балаларды қарулы қақтығыстарға қатысудан қорғауды күшейтудің қажеттілігі.
Шынында да, Бала құқығы туралы конвенцияның 1-бабында былай деп ескерілген: осы
Конвенцияның мақсаттарына арнап бала деп егер ол сол балаға қатысты қолданылып
отырған заң бойынша кәмелеттік жасқа одан бұрын толмаса, жасы 18-ге толмаған әр адам
танылады. Осы орайда мынаны мойындап кету қажет, Конвенцияға арналған өзінде
тұлғалардың қарулы күштерге ықтимал шақыртылуы мен олардың соғыстық әрекеттерге
қатысу жасы үлкейтілген факультативтік конвенция өзіне сәйкес балаларға қатысы бар
барлық әрекеттерде ең бірінші кезекте баланың ең жақсы мүддесін қамтамасыз етуге
алғашқы кезекті көңіл бөлінуі тиіс деген принциптің жүзеге асырылуына тиімді түрде ықпал
ететін болады. 1995 жылдың желтоқсанында болып өткен жиырма алтыншы Халықаралық
Қызыл Крест пен Қызыл Жартыай конференциясында қақтығыс тараптарына 18 жасқа
толмаған балалардың соғыстық әрекеттерге қатыспауын қамтамасыз ету мақсатында кез
келген мүмкін болар шараларды қабылдап отыруға ұсыныстар жасалған болатын.
Сонымен қатар Хаттамада мынадай міндет анықталған: мемлекеттің қарулы
күштерінен өзгеше болып келетін қарулы топтар ешбір жағдайда жасы 18-ге толмаған
тұлғаларды соғыс әрекеттеріне қатыстырмауы немесе оларды соларда пайдаланбауы тиіс (4-
бап). Біздің ойымызша, мұндай норманы орындау мүмкін емес, себебі мұндай қарулы
күштер мемлекеттік қарулы күш болып табылмағандықтан, осы Хаттамадағы міндеттемелер
бойынша байланыспаған болып келеді және, демеу, мұндай күштерден осы ережені
орындауды талап ету де жүзеге асырылмайтын және қиын міндет болып табылады.
Осылайша, жоғарыда қарастырылған Хаттаманың құндылығы келесіге негізделген:
- соғыстық әрекеттерге міндетті түрде шақыртылу мен қатысудың ең кіші жасы ретінде
18 жас және ерікті түрде жалдауға арнап ең кіші жас ретінде 16 жас белгіленген;
- көтеріліске қатысушылардың қарулы топтары «ешқандай жағдайда» жасы 18-ге
толмаған тұлғаларды соғыстық әрекеттерге тартып немесе соларда пайдаланбауы тиіс деп
ескерілген;
- тұтастай алғанда қарулы қақтығыстарда солдат-балаларды пайдалануды доғару
идеясы көзделуде.
Балаларды қарулы қақтығыстарда пайдалануды қысқартумен және соған тыйым
салумен байланысты мәселелерді жанама түрде болса да реттейтін тағы бір маңыздылығы
бойынша алдыңғысынан кем түспейтін халықаралық-құқықтық актіге 1999 жылдың 17