ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. № 6 (44). 2009 54
Африкандық балалар құқығы мен жақсы өмірі жөніндегі хартия жасы 18-ге толмаған
балаларды халықаралық, сондай-ақ ішкі қарулы қақтығыстарға тартуға және соларда
пайдалануға тыйым салады. Хартия халықаралық құқықтың көп салалы нормаларына
маңызды толықтыру болып табылады, себебі ол балалардың қақтығысқа қатысуына жол
беруге болмайтынын және оны әлем қауымдастығы елеусіз қалдырмауы тиіс екендігін
біржақты түрде нұсқаумен, әскер-балаларды пайдалануға тыйым салады. Мұны әлі
жасамаған африкалық мемлекеттердің барлығы, соның ішінде КДР, Бурунди мен Либери
балалардың әскер ретінде тартылуы мен пайдаланылуын доғару үшін Хартияны бекітіп және
өзінің заңдарын толықтай соның ережелеріне сәйкес етіп келтіруі тиіс. Оған қоса,
Халықаралық қылмыстық соттың Римдік статуты мен әдеттегі халықаралық сотымен
мойындалғандай (мұнысы 2004 жылдың 31 мамырындағы Сьерра-Леоне жөніндегі арнайы
соттың шешімінде қосымша растауға ие болды), қарулы қақтығыстар барысында жасы 15-ке
толмаған балаларды тарту мен пайдалану әскери қылмыс болып табылады. Сол себептен
африкалық мемлекеттер қарастырылып отырған Хартияның мағынасы бойынша сондай
фактілердің барлығы міндетті түрдегі тергеу тақырыбына айналғанына, ал кінәлілердің
лайықты және бұлтартпас жазаға тартылғанына кепілдік беруі тиіс.
Осылайша, дәл осы Хартияда әскери қызметке шақыртудың немесе соғыстық
әрекеттерге қатыстырудың барлың түрлеріне арнап ең кіші жас ретінде 18 жас бекітілген.
Тұтастай алғанда, мынаны қосып айта кету қажет, «Амнести Интернешнл»
халықаралық ұйымының ресми ақпаратына сәйкес, мысалы Конго Демократиялық
Республикасында (КДР) балалар қақтығысқа қатысып отырған кейбір құрамалардың 40%-ын
құрайды, оның үстіне бұл балалардың 40 пайызына дейінгі бөлігін қыздар құрайды [3].
Осы елдің үкіметі әскер-балаларды босату және оларды азаматтық өмірге қайтару
жөніндегі жалпыұлттық бағдарламаға кірісе бастағанына екі жылдан астам уақыт болды.
Алайда кемдегенде 11 000 бала осы кезге дейін қарулы топтардың құрамында болуда немесе
хабар-ошарсыз қалуда. Олардың қатарына өздерін қарулы топтар басып алған және сол
уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткен қыздардың көп саны жатады. Өздерінің саны 150 000
деп бағаланып отырған, соның ішінде 30 000 баланы құрайтын соғыстық әрекеттерге
қатысушыларды қарусыздандыруға, соғыстан алыстатуға және бейбіт өмірге қайтаруға
арналған осы бағдарламаның орындалу ісі саяси және әскери жігердің жоқтығынан,
ұйымдастыру және техникалық сипаттағы елеулі проблемалардың орын алуына орай және
елдің шығысында сақталып отырған қауіпті жағдайға созылуда [4].
Кейбір облыстарда бойжеткендер қарулы топтардан босатылған және РДВ
бағдарламасына қатысатындардың екі пайызынан кем бөлігін құрайды, себебі оларды
қалдырып кетіп жатады немесе қателесіп ересек жауынгерлердің «асырауындағы тұлғалар»
деп санап жатады. Командирлер мен жауынгерлер өзінің сексуалдық меншік заты ретінде
қарайтын бойжеткендерді босатуға міндеттіміз деп санамайды. Осы кемсітушіліктің
сақталуына осы бойжеткендердің балаларға арналған РДВ бағдарламасына қатыса алатын
бойжеткендер емес, «асырауындағылар» деп саналау фактісіне көз жұмып отырған КДР-дың
кейбір үкіметтік шенеуніктері ықпал етуде [5].
Қарулы құрамалар мен топтарға тартылған бойжеткендер көбінеки қиянат жасау
жылдарымен жарақатталған болып келеді және кейде олардың балалары болып жатады.
Дегенмен де, қазіргі уақытта оларға құқығы бойынша тиесілі болып келетін қажетті қолдау
мен көмекке ие болып отыру үшін өте аз нәрсе жасалуда. Тұтастай алғанда, босатылып және
өз отбасылары мен қауымдастықтарына қайтып оралған балалардың басым бөлігі азаматтық
өмірге тек шамалы ғана қолдауға ие болумен немесе мүлде ешқандай қолдаусыз қайтып
оралуға мәжбүр. Атап айтқанда, мұнысы лайықты білім алу мен кәсіпті игеру
мүмкіндіктеріне қатысты болып келеді. Кейбір балалардың жасы олар соғыс әрекеттеріне
тартылған кезде небәрі алтыда болған [6].
ТМД-ның қарастырылып отырған саладағы халықаралық-құқықтық актілерінің
арасынан 1993 ж. 24 қыркүйегіндегі «Қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғаудың
алғашқы кезектегі шаралары туралы» келісімін (бұдан әрі - Келісім) ерекше атап кету қажет.