Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право. № 6 (44). 2009 53
маусымында ХЕҰ-ның Женевада болып өткен Бас конференциясының 87-сессиясында
қабылданған Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) № 182 «Бала еңбегінің ең нашар
әдістеріне тыйым салу мен оларды құрту жөніндегі шұғыл шаралар туралы» конвенция
жатады [2].
Осы конвенцияның кіріспе сөзбасында белгіленгендей, Халықаралық еңбек ұйымының
Бас конференциясы бала еңбегінің ең нашар әдістеріне тыйым салу мен оларды құртуға
арналған жаңа актілерді бала еңбегі жөніндегі негізгі актілер болып қалып отырған 1973
жылғы Ең кіші жас туралы Конвенция мен Ұсынысты толықтырып отыратын, ұлттық және
халықаралық әрекеттердің, соның ішінде халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық
көмекті қоса алғанда, басты басымдылығы ретінде қабылдау қажет деп санаумен, сондай-ақ
бала еңбегінің ең нашар әдістерін тиімді түрде құрту өздерінде балалардың тегін бастапқы
білім алуының үлкен мағынасы және оларды кез келген түрдегі жұмыстан босатудың,
сондай-ақ олардың құқығықтарын қалпына келтіру мен әлеуметтік біріктірудің қажеттігі
назарға алынатын және солардың отбасыларының қажетсінулерін ескерумен шұғыл және
жан-жақты әрекеттерді қажет етеді деп санаумен.
Қарастырылып отырған Конвенцияның құндылығы тікелей түрде келесіге негізделген:
онда балаларды әскер ретінде пайдалану бала еңбегінің ең нашар формалары ретінде
анықталған және жасы 18-ге толмаған балаларды қарулы қақтығыстарға қатыстыруға арнап
мәжбүрлі немесе міндетті шартпен тартуға тыйым салынады. Арнайы өкіл осы ереженің
орындалуын қамтамасыз ету үшін Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) басшылығымен
тығыз әріптестік қатынаста болып отырған.
Қарулы қақтығыстар кезіндегі балалардың құқығын қорғау саласындағы аймақтық
халықаралық-құқықтық актілердің ішінен 1999 жылдың қараша айында күшіне енген
Африкалық бала құқығы мен жақсы өмір сүру хартиясын ерекше атап кету қажет, ол бала
құқығы жөніндегі аймақтық деңгейдегі алғашқы келісімшарт болып табылады. Оның
ережелерінде балалар жасаған қылмыстар үшін өлім жазасын шығаруға, сондай-ақ
балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін немесе кемсітушілік сипатқа ие болып
келетін (жынысы мен өзге де белгілер бойынша) дәстүрлер мен мәдени практикаларға
тыйым салу көрсетілген. Хартия, сонымен қатар балаларды қарулы қақтығыстарға тарту мен
қатыстырудың барлық түрлеріне арнап 18 жасты ең кіші жас ретінде бекіткен аймақтық
деңгейдегі алғашқы келісімшарт болып табылады, мұнысы Бала құқығы туралы конвенцияға
арналған Факультативтік хаттамамен қойылып отырған балалардың қарулы қақтығыстарға
қатысуына қатысты талаптарынан асып түсті.
Аталмыш Хартия Африкалық адам мен халықтар құқығы жөніндегі хартия мен БҰҰ-
ның Бала құқығы жөніндегі конвенциясын Африканың әлеуметтік және мәдени
ерекшелігінің есебімен толықтыруда және бала құқығының бұзылуына қарсы қорғауды
қамтамасыз етеді. Оның орындалуын Африканың балалар құқығы мен жақсы өмірі жөніндегі
сарапшылар комитеті бақылайды. 2004 жылдың 1 маусымына қатысты Хартияны
Африкалық Одақтың 53 мүше мемлекетінің 33-і бекітті, тағы 10-ы оған қол қойды.
Жан түршіктірерлік ақиқат мынадай болуда, өздерін тіл алғыш өлтіргіш машиналарға
айналдыру өте оңай болып келетін балалар арзан зеңбірек жемі ретінде тартылып жатады.
Әскер-балалар көп жағдайда ең қауіпті тапсырмаларға жіберіліп немесе көбінеки олардың
өздерінің туыстары мен руластарына қарсы бағытталған сорақы қылмыстарға қатысуға
мәжбүрленіп жатады. Оларды қару тасымалдауға, тамақ іздестіріп, әзірлеуге және өзге де
әскери емес міндеттерді орындауға мәжбүрлейді. Оған қоса, күнде әскер-балалар ұрып-
соғудан және өзге түрдегі жәбірлеу мен қатыгездік әрекеттерден, мәжбүрлі еңбектен көз
жұмып, зардап шегіп жатады. Қыздар зорланып және сексуалдық құлдарға айналып жатады.
Балалардың денсаулығы мен рухани тепе-теңдігін қалпына келтіру өте көп күш жұмсауды
қажет етеді; олардың көпшілігіне құқықтыраның толықтай қалпына келуі және қоғамға
бірігу үшін және қалыпты өмірге қайтып оралу үшін жылдар қажет болып жатады. Осының
барлығы осы Хартияны қабылдаудың қажеттігіне негіз болды.