«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет15/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

 
Дәріс № 9-11 
Тақырыбы:Ет және ет өнімдерін өндіру гигиенасы және санитариясы 
Дәрістің мақсаты:ет өңдеу кәсіпорындарында ет және ет өнімдерін өндіру санитариясы 
мен гигиенасын қарастыру. 
Қаралатын сұрақтар: 
1) Еттің микробпен ластану түрлері 
2) Ет өңдеу кәсіпорындарының санитариясы 
3) Ет өндірудің санитариясы және гигиенасы 
4) Ет өнімдерінің гигиенасы, санитариясы. 
5) Технологиялық құралдар мен ыдыстарға, қондырғыларға қойылатын 
санитариялық талаптар
Мем СТ-қа және техникалық шарттарға сәйкес ет, ет және техникалық өнімдерді, 
емдік препараттарды өндіру үшін, сонымен қатар еңбекке қолайлы жағдай туғызып, 
кәсіпорын жұмысшыларын зооантропоноз ауруларынан сақтандыру үшін, ет өндіру 
кәсіпорындарында санитарлық гигиеналық шаралар жүргізеді. 
Малды сояр алдындағы бағып-күту және союға дайындау.Малды сояр алдындағы 
бағып-күту кезінде, малды союға дайындау жұмыстары, негізінен еттің механикалық және 
микроптың ластануын азайту үшін жасалынады. 
Малды сояр алдындағы бағып-күту, жабық, жартылай ашық және ашық жайларда 
ұстайды. Қоражайларды және саймандарды (астау, ақыр) жеңіл жуылып, 
дезинфекцияланатын материалдардан дайындалады. Қора-жайдың едені су өтпейтін болу 
керек. Едені асфальт, темірбетон, кірпіш немесе тастармен қаптайды. Астау мен малды 
суаратын ыдыстағы ағынды су траптың сайына ағуы үшін еденнің қиғаш бұрышы 2 С 
болу тиіс.
Малды қабылдайтын бөлімде, термометрия жүргізетін қондырғылары бар 
қалқалары болуы қажет. Тұрмыстық, қызметтік және қосалқы орындарға кіре берісінде 
дезинфекциялық кілемшелер орнатылады. Еткомбинатынан тыс жерде, қиды 
биотермиялық зарарсыздандыру үшін, бетонмен оқшауланған алаң жасалынады. 
Малдарды союға дайындау.Оған малдарды алдын ала ветеринариялық қарау, 
біртекті өндірістік партияны жинақтау, дем алдыру, сояр алдындағы ұстау және малдарды 
санитарлық өңдеу жатады. 
Малдарды алдын ала ветеринариялық тексеруді, малды қабылдау өткізу кезінде, ал 
термометрияны ет комбинатына әкелгеннен кейін 1,5 сағаттан кейін жүргізеді. Қабылдау-
өткізу кезінде, малдың санын, түрін, жынысын, қондылық категориясының жалпы жай-
күйін және ветеринарлық куәлік пен жол журналындағы жазбаларға сәйкестігін тексереді. 
Температурасы жоғары және жұқпалы емес аурулар (желінсау, эндометрит, және т.б.) 
малдарды санитарлық қасапханаға немесе изоляторға жібереді. 
Сойылатын малдарды ұзақ тасымалдау дан кейін, жүйке жүйесінің қозуына 
(стресс) және күйзелуіне байланысты демалдырады. Мұндай малдарды организмнің 
резистенттілігі мен қанның бактериоцидтік қасиетінің төмендеуіненжәне қарындарды тұз 
қышқылы мөлшерінің микроорганизмдер ішектен қан жүйесі арқылы бұлшықеттерге 
және паренхиматозды ағзаларға өтеді. Малдың бұлшық етіндегі микроорганизмдердің ең 
аз мөлшері, 2-3 күн дем алғаннан кейін байқалған. Бұл кезде малды күніне 2 рет 
азықтандырып, суарады. 


Малды сояр алдындағы аш ұстау асқорыту жолдарын азықтан тазарту үшін және 
ұшадан ішкі ағзаларды алу кезінде етті бүлдірмеу үшін жүргізіледі. 
Жылқы, ірі қара және ұсақ малды сояр алдында 18-24 сағат бұрын, шошқаны 8-12 
сағат бұрын азық беруін тоқтатады, ал суаруды (қуықтың зәрмен толуынан сақтау үшін) 
соярдан 3 сағат бұрын доғарады. Кейін оларды ветеринариялық санитариялық қараудан, 
термометриядан, санитарлық өңдеуден өткізеді. 
Малдың тері жабындысын санитариялық өңдеуді ондағы микроб саны мен 
механикалық бүлінулерді азайту үшін жүргізіледі. Малдың тері жабындысы қимен, 
нәжіспен, топырақпен, сумен, ауамен жанасқанда микроорганизмдермен ластанады. 
Ластанған жүн және тері жабындысында микроорганизмдердің көбейуіне қолайлы 
жағдайлар болады. Ірі қара малдың тері жабындысында микроорганизмдердің саны 1 см2-
де 54 млн.
Малдардың тері-жүн жамылғысын ластанудан және микроорганизмдерден тазарту 
үшін көп мөлшерде су және дезинфекциялық заттар жұмсалады. Бұл шығындарды азайту 
үшін фермаларда және сояр алдындағы бағып-күту цехтарындағы малдардың 
санитариялық жағдайларын жақсарту қажет. Қоршауды темір сымнан немесе жуан 
темірлерден жасайды. Олардың бір бағытта ашылатын қарама-қарсы орналасқан есіктері 
болады. Қатарлас қоршаулардң ортақ қабырғаларын каркасқа берік бекіту арқылы толық 
оқшауланады. Қоршаудың жаңа конструкциясы бойынша қатарлас қабырғалар шарнирге 
бекітілген есіктер сияқты мал партиясының санына байланысты көлемін өзгертіп отыруға 
болады. Қоршаудың есіктерін ашып тазалағанда ұзынан орналасқан кең коридор пайда 
болып, ондағы қиды тазалау үшін Т – 40, «Беларусь» тракторларын, ДТ-75 бульдозерлерін 
және С-ЧМ қартазалағыш машиналарын қолдануға болады. Қоршауларды санитарлық 
өңдеу үшін УДП, УДС, ЛСД, ДУК, дезинфекциялық қондырғыларын пайдалануға болады. 
Малды сояр алдындағы бағып-күту қора жайларын және құрал саймандарын 
санитариялық өңдеу. Клиникалық сау малдардың арасында патогенді микрофлораны 
бөлетін және тасымалдайтын мал болуы мүмкін (сальмонеллалар, тілме қоздырғышы 
және т.б.). Малдың тері жамылғысын ластанудан және жұқпалы ауру қоздырушыларының 
жиналуын алдын алу үшін, қоражайларды малды союға жіберілгеннее кейін аптасына бір 
рет дезинфекциялап айына бір рет санитариялық күн өткізіледі. Профилактикалық 
дезинфекция үшін арзан дезинфекциялық заттарды ертінділері қолданылады. Олар: 
күйдіргіш натрий, хлоры, әк, т.б. Формальдегид ерітіндісімен ашық мал қоршауларын, 
сыртқы орта температурасы 10С-ден жоғары болғанда және басқа дезинфектанттар 
болмаған жағдайда ғана дезинфециялайды. 3 сағат ұстағаннан кейін фрмальдегидтің иісін 
амиак 
ерітіндісімен 
кетіреді. 
Дезинфекциялық 
заттардың 
қалдықтарын 
зарарсыздандырылған нысандарды желдету және сумен жуу арқылы кетіреді. 
Мал қора жайларын және құрал-саймандарды қысқы мезгілде 15% натрй хлориді 
бар 2%-тік күйдіргіш натрий ертіндісімен (75-80С) немесе 2% белсенді хлоры мен 15% 
натрий хлориді бар хлорлы әктің мөлдір ерітіндісімен дезинфекциялайды. Ерітінділердің 
қату температурасын төмедету үшін, дезинфекция алдында нысандарды механикалық 
тазартып 15% натрий хлоридінің ерітіндісімен (75-80С) жуады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет