«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет14/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

Санитарлық күн және санитарлық постылар (орындар).Мұқият тазалық жүргізу 
үшін және өндіріс орынның аймағы мен ғимаратына жөндеуді жүргізу үшін, жұмыс 
аптасы аяғында 14, 21 немесе 28 күннен кейін санитарлық күн орнатылады. Бұл күні 
шамдардың оқшаулаушы қондырғыларын және плафондарды, былғанған қабырғаларды 
сырлап, ақтап, терезелерді жуып, еден тесіктерін бітеп, жылытқыш жүйенің шаңын 
сүртіп, мүліктерді, ыдыстарды, құралдарды жуып, дезинфекциялап, қажет жағдайда 
дезинсекция және дератизацияны жүргізеді. Жұмысшылардың жеке бас гигиенасының 


сақталуын қадағалау мақсатында өндірістік ветеренариялық қадағалау бөлімдерінің және 
медициналық мекеме жұмысшыларынан санитарлық постылар ұйымдастырылады.
Жұмысшыларды 
зооантропонозды 
аурулардан 
қорғау
шаралары.Зооантропоноздарға жануарлардан адамға тікелей жанасудан, тамақ арқылы 
немесе жануар текті шикізаттар арқылы және тағы басқа жолдармен (сібір жарасы, 
бруцеллез, туберкулез, маңқа, орнитоз, эризипелоид, құтырық, Қу қызбасы, аусыл, 
лептоспироз, листериоз, туляремия, қысаға, сальмонеллез және т.б.) жұғатын ауруларды 
айтады. Жұмысшылардың ет және құс өндіретін өндірісінде инфекциялық аурулардан 
қорғануы, тек жеке бас тазалығын қатаң сақтағанда және дезинфекция, дезинсекция, 
дезинвазия, дезодорация шараларын дұрыс ұйымдастырылғанда орындалады. 
Сібір жарасы – бұл аурумен ауыратын және оған күдікті малдарды ет өндіру 
кәсіпорындарына жіберуге болмайды. Адамдар бұл аурумен ауру малдың сойыс өнімдері, 
терісі, сүйегі, өлігі арқылы жанасу, трансмиссионды немесе ауа-тамшылы жолмен, 
сонымен бірге ет және тезникалық өнімдермен жұмыс істеу кезінде жұқтыруы мүмкін. 
Адамдарда бұл ауру терілік, ішектік және өкпелік формада өтеді. Егерде мал сою 
конвейірінде сібір жарасымен ауыратын мал ұшасы анықталған болса, онда міндетті түрде 
ең алдымен адамдардың жұқтыруынан қорғайтын шаралар жүргізіледі. Аурудың алдын-
алу үшін денсаулық сақтау органдары жұмысшыларды арнайы осы ауруға қарсы егіп, 
ауруды анықтап, паспорттап, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізіп, инфекция ошағын 
зарарсыздап, ауру адамдарды емдеп, өндірістегі жұмысшыларға санитарлық ағарту 
жұмыстарын жүргізеді. Ауруға күдікті жұмысшыларды ауруға қарсы сарысу (сыворотка) 
егеді. 
Туберкулез. Туберкулезге оң реакция беретін жануарлар мен құстарды күтуге, 
союға, етін бөлшектеуге және олардан алынған шикізатты өңдеуге, тек туберкулезге 
диспансерлік тексерулерден өткен, туберкулезге жүргізілетін Терке және Манту 
реакциялары оң нәтиже көрсеткен және жеке бас тазалығы мен туберкулезден сақтану 
ережелерін білетін, санитарлық киімі, аяқ киімі, жеке қорғаныс заттары барадамдарды 
жұмысқа жібереді. Туберкулинге оң реакция беретінжануарлар мен құстарды сойып, етін 
өңдеуге 18 жасқа толмаған жасөспірімдер, жүкті және емізетін әйелдер, туберкулинге 
теріс реакция бергенжұмысшылар немесе туберкулездің алдын-алу үшін жүргізілетін 
санитарлық минимумнан өтпеген адамдар жіберілмейді. Өндіріс орындарының 
жұмысшылары міндетті түрде туберкулездің алдын-алу ережелерімен танысуы тиіс. 
Жұмыс алдында жұмысшылар қолын міндетті түрде жуып, санитарлық киімді, аяқ киімді 
және санитарлық қорғанысты заттарды киеді. 
Бруцеллез. Ет өндіріс орындарында жұмысшылардың бруцеллезден қорғануына 
арналған шараларды жүргізуге ерекше көңіл аударады. Бруцеллезге оң реакция берген 
жануарларды күтуге, етін және шикізатын өңдеуге тек бруцеллезге диспансерлік 
тексерілген, бруцеллезге қарсы егілген, жеке бас тазалығы мен бруцеллездің алдын-алу 
ережелерін білетін адамдарды жіберіледі. Бруцеллезге оң реакция бар жұмысшылар 
(бруцеллезбен ауырып жазылған адамдар) санитарлық киімдермен, резенкелі қолғаптар, 
аяқ киімдер және т.б. қорғаныс заттармен қамтамасыз етіледі. Егер жұмысшылардың 
қолында жарып кетен жерлер, жарақаттар және тағы басқа тері зақымдары кездессе 
олардың қолы йод тұнбасымен өңделіп немесе БФ-6 желімімен жабылып, сыртынан 
рәзенкелі қолғап кидіріліп жұмысқа жіберіледі. Малдың етін және шикізатын өңдеуге, 
союға және күтуге бруцеллезге оң реакция бергендер 18 жасқа толмаған жасөспірімдер, 
жүкті немесе емізетін әйелдер және бруцеллезге қарсы егілмеген (егуден кейін 3 апта өту 
керек) жұмысшылар жіберілмейді. Сонымен бірге жұмысқа жүрегінің декомперсирленген 
ақаулары бар, бүйректің жіті және созылмалы аурулары бар, бруцеллездің алдын-алу 
жайлы санитарлық минимумнан өтпеген адамдар жіберілмейді. Бруцеллезге оң реакция 
берген жануарларды бағуға, союға және еті мен шикізатын өңдеуге жіберілетін 
жұмысшылар бруцеллезді жұқтырудан алдын-алу ережелерімен таныс болу керек. Жұмыс 


алдында жұмысшылар қолдарын мұқият жуып, санитарлы және арнайы киімдерді кию 
керек. Санитарлық киіммен цехтан шығуға болмайды. 
Жұмыстан кейін жұмысшылар санитарлық киімдері мен аяқ киімдерін 
зарарсыздандыруға беріп, қолын дезинфекциялап, душ қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет