«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет16/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

Ғимараттарды және жабдықтарды санитариялық өңдеу.Өңдірісі және қосалқы 
ғимараттарды, 
технологиялық 
жабдықтарды, 
инвентарь, 
құрал-саймандарды 
санитариялық 
өңдеуге 
механикалық 
тазарту, 
жуу, 
майсыздандыру, 
және 
профилактикалық дезинфекция жатады.
Нысандарды санитарлық өңдеуді белгіленген график бойынша жүйелі 
түрде,кәсіпорының санитариялық қызметі мен өңдірістік-ветеринариялық бақылау 
бөлімдері жұмысшыларының қадағалауымен жүргізіледі. 
Нысандарды майсыздандыру және дезинфекциялаудан бұрын және жуудың 
алдында оларды ет кесінділерінен, қаннан, қарын-ішек ішіндегі жыннан механикалық 
тазартады. Бұл мақсатта гидрошаю немесе тазартқыш инвентарь: қырғыш, қалақ, шелек, 
щетка, мочалка, сүлгі, резина түтігі және басқа да тазартқыш құралдар қолданады. 


Оларды белгілі бір цехтарға бекітіп басқа мақсатқа пайдаланбайды. Санитариялық жүйені 
тазартуға арналған мүліктерді бөлек сақтап, басқа жерлерді тазартуға пайдаланбайды. 
Технологиялық жабдықтарды, мүліктерді жне ғимараттарды жұмыс күнінің 
соңында жылы (40-45С), ыстық (55-60С) сумен немесе ыстық (60-70С) жуғыш немесе 
жуғыш - дезинфекциялағыш ертіндімен жуады. Ал еден мен қабырғаны жұмыс күнінің 
соңында, ластану дәрежесіне қарай, жұмыс арасында сумен жуып отырады. Нысандарды 
майсыздандыру және жуу үшін кристалды көмірқышқылды натрий (кальцинированная 
сода), күйдіргіш натрий, сабын, үшнатрий фосфаты, каспос және синтамид-5, ыстық 
ерітінділерін қолданады. Ерітіндіні өңделетін нысан бетіне 1м
2
жерге 2л. шамасында 
шашады. Бұл ақсатта дисперісті ерітінділер (бөлшектерінің диаметрі 500 мкм.) қолданады. 
Ірі бөлшектер ауада майда бөлшектерге қарағанда баяу салқындайды. Нысанға ыстық 
жуғыш немесе жуғыш-дезинфекциялағыш ертіндіні шашқанда, май еріп, дисперстеніп, 
ылди бойымен канализацияға ағып кетеді. 
Өңдірістік және қосалқы жайларды 5 күнде бір рет дезинфекциялайды. Жайларды 
алдын-ала тағамдық шикі заттан және дайын өнімдерден босатып, механикалық тазалап, 
жуады, ал етпен жанасқан нысандарды майсыздандырады. Дезинфекциялау үшін 
нысандарға 0,5-1% белсенді хлоры бар хлорлы әктің мөлдір ерітіндісін немесе 0,05-0,07% 
трихлоризоцианур қышқылдың ерітіндісін немесе 0,1% натрий дихлоризоцианурат 
ерітіндісін (1м2 жерге 0,5 л.) шашады. Өңделетін нысанға дезинфектантты бір келкі шашу 
үшін, бөлшектердің диаметрі 125-250 мкм болу керек. Дезинфекцияны белгіленген тәртіп 
бойынша жүргізеді. Ең алдымен еденді, кейін 1,8 м биіктікке дейінгі қабырғаны 
дезинфекциялайды. Дезинфекциялық ерітінді 30-40 минут әсер еткеннен кейін, 
зарарсыздандырылған нысанды дезинфектант толық кеткенше жуады. 
Кәсіпорын цехтарындағы барлық өңдірістік орындарды тұрмыстық және қосалқы 
жайларды (коридор, баспалдақ, т.б.) ақтап, бояп және ластануына байланысты 
дезинфекциялайды. Оны 6 айда кем дегенде 1 рет жасайды. Ауа құбырларының ішкі 
бетін, краскопульт немесе басқа да ертінді шашатын аппараттар арқылы люктен 
дезинфекциялық ерітінділері шақаннан кейін, ұзын сабы бар щеткамен тазалайды. 
Жайларды тазартуға арналған мүліктерді ыстық сумен жуады да, 30 минут 2% 
активті хлор бар хлорлы әктің дезинфекциялық ерітіндісіне батырып қояды, сосын сумен 
шайып кептіреді. 
Союға арналған пышақ, шанышқыны, ірі қара малды қансыздандыруға арналған
қуысты пышақты, мусатты, пышақ пен тілімдеуішті механикалық ластанудан кейін 
жуғыш ерітінділермен немесе жай жылы сумен жуып потологиялық материалдан, 
жабысқан ұлпалардан тазартып, дезинфекциялайды. Зарарсыздандыру үшін 2% кальций 
тұзының ыстық (95-100С) ерітіндісін, ыстық су (95-100С) немесе арнайы осы мақсатқа 
арналған, өңдіріс цехтарында орнатылған стерилизатор буын қолданады. 
Ет өнімдерін, емдік препараттарды, малдың техникалық шикізатын, азықтық және 
техникалық өнімдерді өңдіру кезіндегі технологиялық жабдықтарды, өңдіріс жайларын, 
мүліктер мен құрал-саймандарды санитариялық өңдеу ерекшеліктері тиісті бөлімдерде 
жазылған. 
Жуу сапасын өңдеген нысан бетіндегі микроорганизмдер саны бойынша 
анықтайды. Егер шұжық өңдіру нысанының 1см2 бетінде микроорганизм саны 1000-нан 
аз болса онда жуу сапасын қанағаттанарлық деп есептейді. 
Профилактикалық дезинфекция сапасын нысандағы ішіе таяқша тобынынң 
бактериялары мен протейдің (қарапайымдылар) бар жоқтығын анықтап, бағалайды. Егер 
нысаннан алынған санитариялық–бактериологиялық жұғындыда осы микроорганизмдер 
немесе 1см2 жерде 1000-ға жуық басқа микробтар табылатын болса, онда бұл нысанды 
қайтадан санитариялық өңдеу жүргізіледі. Нысандағы санитариялық өңдеу сапасын 15 
күнде бір реттен кем емес бақылап отырады. 
Пастерленген ет консервілерін өңдіру цехтарындағы профилактикалық 
дезинфекция сапасын, санитариялық өңдеуден кейін ішек таяқшаларының, протей және 


термфильді микробтардың бар-жоқтынан анықтайды. Бұл бактериялар жоқ болса немесе 
1см
2
жерде 300-ден аспайтын микроб табылса, онда дезинфекция сапасын 
қанағаттандырарлық деп есептейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет