жерге немесе сол киімді қабылдап, сақтауға және қайтып беруге жауапты адамға
тапсырады. Санитарлық киіммен цехтан бөлек жерге баруға болмайды.
Санитарлық және арнайы киім.Санитарлық киім – бұл жұмысшының өзінің жеке
киімінен етжәне ет өнімдерінің микробпен ластануынан қорғайтын киім. Санитарлық
киімге халаттар, қалпаұтар, орамалдар жатады. Олар мақта матадан тігілген, ақ түсті болу
керек. Етті штабельден мұздатқышқа салу кезінде немесе рефрижираторға тиеу кезінде
жүк тасушы адамдар аяқ киім сыртынан қорғаныштық шұлықтар киеді. Ет-май цехында
жұмысшылардың санитарлық киімін орталықтандырылған жерде жуады және басқа
цехтың жұмысшыларының санитарлық киімдерінен бөлек тазартылады.
Медициналық препараттар цехының, санитарлық қасапхананың, жем және
техникалық өнімдер цехының жұмысшыларының санитарлық киімінде басқа
цехтардікінен бөлек жуып, дезинфекциялайды. Санитарлық киімді алдымен жылы (35-
40С) суда ұстап, кеиін 2% кальциленген сода ертіндісінде 30 минут бойы қайнатып,
дезинфекциялайды.
Арнайы киім және аяқ-киім – бұл адамдарды зиянды физикалық, химиялық,
биологиялық факторлардан қорғайтын зат. Арнайы киімге жылы курткалар,
комбинизондар, алжапқыштар, жең ғаптар және рәзенкелі қолғаптар жатса; ал аяқ киімге:
етіктер, бәтенкелер, аяқ киімге кидірілетін брезенттен жасалған шұлықтар жатады.
Суықтан және жіті респираторлы аурулардан қорғау үшін, мұздатқышпен жұмыс істейтін
жұмысшыларды жылы арнайы киімдер мен аяқ киімдермен қамтамасыз етеді. Химиялық
дезинфекциялаушы заттардың зиянды әсерінен қорғану мақсатында дезинфекция
жүргізетін адамдарға халаттар, қалпақтар, алжапқыштар, рәзеңке етіктер және қолғаптар
беріледі. Арнайы киімдерді әрдайым таза ұстау керек, жұмыстан кейін бұл киімдерді
жұмыс киімі ілінетін гардеробқа өткізіледі.
Тұрмыстық орындар.Тұрмыстық орындарға, киім ілетін орын, душ қабылдайтын
жер, санитарлық орындар (әжетхана және ванна), әйелдердің жеке бас тазалығын
жүргізетін орын, емшектегі баланы емізетін жер, темекі шегетін орын, жұмысшылар
жылынатын орын, кір жуатын орын, киім кептіретін орын, таза және кір киімдерді
сақтайтын орындар жатады. Цехта жұмысшылар инфекциялық матералдармен жұмыс
жасаса душ қабылдап, жуынуы тиіс. Бұл орындарды күнде жұмыстан кейін жуып,
дезинфекциялайды. Арнайы киім мен аяқ киімдерді жеке орналасқан орында
залалсыздандырады. Егер жұмысшылар ылғалды жерде жұмыс істесе, онда олардың
шкафтарына арнайы киімді жасанды кептіретін қондырғылар орнатылады. Ет және құс
комбинаттарында өнімдерді шығаруға қатысы бар жұмысшылар үшін әрдайым жеке киім
ілетін жер, жуынатын жер, душ, манекюр жасайтын жер, аяқ ванналары және басқалар
жасалынады. Жем және техникалық өнімдер цехының шикізаттық бөлміндегі тұрмыстық
орындардың бөлек көшеге шығатын есіктері болу керек. Қасапханада зарарсызданған етті
тиейтін және құс өнімдерін шығаратын жұмысшыларда санитарлық және үй киімдеріне
арналған бөлек шкафтар болуы тиіс. Жуынатын жерлер мен әжетханаларды тағамдық
цехпен, сақтау орындарымен бірге болмайтындай етіп орналастырады. Тұрмыстық
орныдарында қажетті тазалықты орнату үшін, оларды жұмыс аяқталған соң шаңнан
тазартып, еден мен мүліктерді сабын сілтілі ерітіндімен және ыстық сумен жуып,
дезинфекциялайды. Дезинфекцияны аптасына 1 рет немесе санитарлық бақылаудың
талабы бойынша жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: