Ордаға соңғы Мысыр елшілігі келді. Бұл сапар Алтын Орданың талқандалуына əкеліп
соқтырған Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқаспен тұспа-тұс келді.
Саяси тұрғыдан Мысыр мəмлүк мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы байланысты екі
кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең – 1261-1262 жылдардан басталып, XIV ғасырдың екінші жартысына дейін
созылды. Бұл одақтастық Иран жеріндегі моңғол династиялық билігінің негізін қалаған
Хулагу əулетіне қарсы бағытталды. Сондай-ақ, бұл жауластық жоғарыда айтып
өткеніміздей, Хулагу əулетінің билігінің орнауы мен құлауына дейін жалғасты, тіпті Хулагу
əулетінің билігі құлағанына қарамастан, Жəнібек ханның Əзірбайжан жерін жаулап
алуымен аяқталды. Екінші кезең – Алтын Орда ішіндегі саяси дүрбелең аяқталған соң, күллі
Жошы ұлысының басын біріктірген Тоқтамыстың билікке келуінен басталып, оның билігінің
аяқталуына дейін жалғасты. Бұл жолы екі мемлекет арасындағы саяси байланыстар ортақ
жауы Темір агрессиясына қарсы бағытталды.
Достарыңызбен бөлісу: