болып келеді. Фараби еңбектері Европаның Қайта өрлеуінде үлкен рол атқарды. Бэкон, Л.
Да Винчи, Коперник, кеплер, Лейбниц сияқты оқымыстылар өз жетістіктері үшін Фарабиге
қарыздар. Бүкіл өркениеттің жан дүниесін даму бағытындағы оның білімін бағалау оңай
емес.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы педагогика негіздері мен оның жүйелі
түрде зертелмегендігі арасында, оқу - тəрбие үрдісінде Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік»
дастанындағы адамгершілік тəрбиесін халықтық педагогика тұрғысынан пайдалану мен
оны пайдалануға байланысты əдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама -
қайшылықтың бар екені айқын көрінеді жəне тақырыпты «Жүсіп Баласағұнның «Құтты
Білік» шығармасындағы адамгершілік идеялары» - деп алуымызға себепші болды.
«Диуани лұғат ат- түрік» — « Түрік тілдерінің сөздігі» - Махмұд Қашқари
«Диуани лұғат ат- түрік» 1074 жылы жазылған. Қазіргі түркі халақтарының бəріне ортақ
мұра. Бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бəріне бірдей ортақ алты
мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер бар. Бұл
лексикалық жинаққа енген сөздер, мақалдар, өлең жолдары, т.б. түркі тілдерінің сөз
тудыру, сөйлем құру жүйелерін, əдеби тіл мен көріктеу құралдарынын өмірге келу
жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді.«Диуани лұғат ат- түрік» — тіл білімінің ең басты
салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған еңбек. Көне түркі əдебиет
ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді.
Қ.А.Яссауидің келесі еңбегі «Пақырнама жəне Мүнажатнама». Бұл шығармаларға ден
қойып сараламасақ та бұл еңбектердің де көптеген елдердің тіліне аударылып, оқылғанын
естен шығармау керек «Мират-ул-Қулуб». Бұл еңбегі жақында Швецияның Упсала деген
қаласындағы бір университеттің кітапханасының қолжазбалар қорынан табылды. Түркияда
2000 жылдары жарық көрген.
Достарыңызбен бөлісу: