қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің
моңғол атынан мүлдем айырылған.
Жоғарыда көрсетілгендей, Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып
жатты. Ал бұл аймақтағы түркі тілдес үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі
III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіңдер. Одан кейін V-VI ғасырларда да
бұл аймаққа түркі тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан
дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түркі тілдес тайпалар: дулат, қаңлы,
үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірде өмір сүрген тайпалар еді.
Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен моңғол
тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап
отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының
мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: