Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Сібір хандығының құрылуы, аумағы және этникалық құрамы



Pdf көрінісі
бет29/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

34. Сібір хандығының құрылуы, аумағы және этникалық құрамы. 
Сібір хандығының құрылуы
Сібір хандығы 1468-1588 (1598) құрылды. Сібір хандығы көпұлтты саяси бірлестік еді. 
Жоғарғы билеуші – хан. Ханды бектер, мырзалар, тархандар сайлайтын. Мемлекеттік 
құрылым жартылай әскери сипатқа ие болған. Хандықты басқаруда хан уәзірге (қараша 
мен кеңесші) арқа сүйеген. Сібір хандары ұлыстарды басқарып отырған мырзалар мен 
бектердің жұмысына араласа қоймайтын. Әскери олжаға қызығушылық танытқандықтан, 
мырзалар мен бектер соғыстар мен жорықтарға белсене қатысатын. Түркітілдес 
феодалдар қатарына ханты және мансы тайпалары феодалдарының бір бөлігі жатқан. 
Алайда, түркітілдес емес тайпалар, негізінен, тәуелділік жағдайында болды. Сібір 
хандығында туған осындай қарама-қайшылықтар мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізді.
Сібір хандығының аумағы
XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шайбани 
ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір хандығы Пермь 
жерімен, Қазақ хандығымен, Ноғай Ордасымен шектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь 
өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға (орыс деректері бойынша - Пегая Орда) 
дейін жететін. Астанасы – Чинги Тура
Этникалық құрамы
сібір татарлары, башқұрт тайпалары, хантылар мен мансылар, қазақтың кейбір рулары 
(арғын, керей, қыпшақ, найман және т.б.)
Шаруашылығы
Түркітілдес тайпалар, негізінен, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен, балық аулаумен, 
аңшылықпен айналысатын. Осыған қарамастан, археологтар Тобыл мен Ертіс 
алқаптарында отырықшылық өмірдің белгілерін тапқан. Сол аймақтарда үй шаруашылығы, 
тоқыма, метал өңдеу, қыш-құмыра өнеркәсібі дамыды. Сібір хандығының негізгі әкімшілік 
және әскери орталықтары: Қызыл-Тура, Қасым-Тура, Явлу-Тура, Тонтур. Көшімнің кезінде 
Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің 
тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен 
аңшылық дамыды.
Ішкі және сыртқы саясаты
Тарихи деректерде Сібір хандығы – Қазақ хандығының көршілес ел ретінде жазылса, енді 
бір деректерде Қазақ хандығымен тығыз қарым-қатынастағы ел ретінде аталады.
Сібір хандығы он бесінші ғасырда құрылды Моңғолдар үйінің Жошы жалпы құлдырау 
жағдайында болды. Хандардың алғашқы капиталы болды Чимги-Тура. Бірінші хан болған 
Тайбуга, кім мүше болды Боржигин. Оның орнына ұлы Қожа немесе Хока, оның орнына ұлы 
Мар келді. Тайбугидтер арасындағы аймақты бақылау Тобол және орта Ертіс даусыз 
болған жоқ. The Шайбанидтер, Жошының ұрпақтары, бұл жерді өздерінің меншігі ретінде 
жиі иемденді. Ибақ хан, Шайбанидтер үйінің кіші филиалының мүшесі Марды өлтіріп, 
Чимги-Тураны тартып алды. Тайбугидтердің қалпына келтірілуі Мардың немересі Мұхаммед 
Ертіс төңірегіндегі шығыс аумақтарға қашып, Ибакты шайқаста өлтірген кезде болған. 
1493. Мұхаммед Чимги-Турада қалмауға шешім қабылдады, бірақ жаңа астананы таңдады 
Искар (немесе Сібір) Ертіс бойында орналасқан Ресейдің Қазанды жаулап алуы 1552 ж. 
Сібірдегі Тайбугид ханы Ядигармен достық қарым-қатынас орнатуға итермеледі Мәскеу. 
Алайда Ядигарға Ибактың немересі Шайбанид қарсы болды Кучум. Бірнеше жыл 
шайқастар (1556–1563) Ядигардың өлімімен аяқталып, Кучум хан болды.
«Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» Керей мемлекетінің ханы Тұғырыл – Оң 
ханның арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) 
азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен, Батыс өлкеге қарай көшіп, Ібір-Сібірден бір-ақ 


шығады. Ертістің етегі, Есіл мен Тобыл аңғарын жайлаған жергілікті түрік нәсілді, фин-угор 
текті ру-тайпаларды бағынышқа түсіріп, Тайбұға Ұлысын негіздепті. Тайбұғы Ұлысын 1220 
жылы құрды. Бастапқыда Ишим (Есіл), Тобыл, Тұра, Ертіс өзендерінің ортасында. Кейін Обь 
өзені және әрі қарай Естек, Вогул деген тайпаларды жаулап алып мекенін үлкейтті. 
Шыңғыс хан Тайбұғыны әкесінің құрметі үшін, Тұғырыл ханның көзі ретінде қолдау 
көрсеткен және өз балаларымен бірдей санап, еншісіне Ұлыс бөліп берген. Сібірдегі керей 
Оң ханның ұрпақтары Алтын Орда дәуірінің ұзына бойында байтақ Сібірде билік құрды. 
Алтын Орданың ыдырау кезеңінде Жошы-Шибан нәсілімен тайталас басталады. Әуелде 
Шибан әулеті жеңіске жетеді, одан соң Тайбұғалықтар қайтадан билікті алады, одан соң 
тағы да аударыспақ; бұл қырқыстың ең соңғы өкілдері – Көшім хан мен Сейдақ хан болды. 
1584 жылы ғана Сібір ханы Сейдақ, Тайбұғы ханның ұрпағы Тәуекел хан Қазақ ханымен 
Одақтық келісімге қол қойды. Аманатқа Ораз Мұхамедті, Тәуекелдің ағасының ұлын алды. 
Қараушысы болып Қыдырали Жалаири тағайындалды. Оның Қазақ хандығымен одақтық 
келісімге отыруы – Сібірде Көшім ханды жеңіп, Искер, Қышлық қалаларын орыс атаманы 
Ермактан Тайбұғы жұртына қайтару үшін Сейдак шайқасқа аттанды. Сейдак хан Ермакты 
жеңіп Сібір хандығын қайтырып алды.
Сібір хандығының құлауы
Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты.1574–1575 
жылдары сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып 
тастайды. 1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі.1582 жылдың 
күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім 
әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі.1584 жылы Көшімнің адамдары 
Ермакты өлтіреді. 1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім 
жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының 
құрамына кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет