Таңбасы тасқа түскен тарихи кезеңнен қаламмен қағазға өрнектеген заман келбетіне
ауысқан Алтын Орда – жаңа дәуір. Өйткені түркі халықтарының жартылай отырықшылыққа
бейімделіп, қала мәдениеті мен дала мәдениеті қатар дамыған шақ. Ғылым-білім кеңінен
жайылып, әдебиет пен мәдениет көтеріле түскен, өркениетті қоғамның негізі осы дәуірде
қалана бастады. Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи роман-трилогиясын оқыған
оқырман сол кездің келбетін, замана сипатын, дәуір бағдарын түсіне алса керек-ті. Көшпелі
ғұмыр салтынан жартылай отырықшы қалыпқа бейімделу қала мәдениетін қалыптастырып,
дала өркениетін өсіре түсті.
Алтын Орда кезеңі де тіл тарихында ерекше орын алды. Бұл кезеңде Хорезмидің
«Мұхаббатнамесі», Құтба ақынның «Хұсрау мен Шырын» поэмасы, («Пайғамбарлар туралы
қысқа әңгімелер»), көне қыпшақ тілінде «Кодекс Куманикус» («Құман тілінің сөздігі») сынды
шығармалар Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген. Әдеби жәдігерлердің бірінің мән-
мазмұн тереңіне көз жіберсек, «Хұсрау мен Шырын» поэмасында шынайы махаббаттан
бөлек, арамдық пен зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен
адалдық жеңіп шығатыны жазылған. Демек, адамгершілікті дәріптеу мен адалдыққа
сүйіспеншілікті жырлау арқылы адамды ізгілікке жетелеген.
Достарыңызбен бөлісу: