Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы



Pdf көрінісі
бет35/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

37. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы. 
Қасым хан туралы сөз қозғасақ, бірден ойымызға ешбір жазба деректерде кездеспейтін, 
тек қана халық ауыз әдебиеті арқылы күні бүгінге дейін жеткен «Қасым ханның қасқа 
жолы» деген сөз тіркесі оралады. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Ол — біріншіден, 
Қасым ханның өмірі, хандық билігі, сол жылдардағы Мауреннахрдағы шайбанилер 
әулетімен, Моғолстандағы шағатайлар әулетімен жүргізген саясаттың, қарым-қатынастың 
нәтижесі; екіншіден,Қазақ хандығын күшейтудегі, қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы 
сіңірген енбегіне халықтың берген бағасы; үшіншіден, қазақ халқының этникалық, ұлттық 
территориясын қалыптастыру жолындағы атқарған жұмыстарының жемісі; төртіншіден, 
мемлекетті басқару ісіндегі келесі ұрпақтарға қалдырған өнеге жолы. Сол себепті де қалың 
қазақ жұртына Қасым ханның кім екендігін, қазақ халқының тарихи санасында қандай 
істерімен қалғандығын, қазақ тарихында алатын орнын көрсету мақсатымен баяндағалы 
отырмын. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, Жәнібектің баласы Қасым 
ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт 
Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы 
өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. 
деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының 
негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген . XVІ ғасырдың екінші 
он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл 
кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы 
қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле 
өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш 
көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің 
алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлғая түсті. Ноғай 
Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, 
билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен 
тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен сұлтандарының билігіне бағынып, елінен қазақ 
хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 
миллион адамға жеткен. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің 
беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі 
табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен 
және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнады. Қазақ 
хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді 
сыртқы саясат қолданып отырды. Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан 
алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі 
Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде 
Европаға мәлім болды. Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі 
саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, 
мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси 
құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды. Оның тұсында мемлекеттің 
ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-сұлтандар мен ру басшыларының съезі 
болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды – соғыс жариялау, 
бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты 
мәселелерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. 
Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында 
болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды. Ханның 
жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші 
ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен 
кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде 
жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.


Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу 
мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ 
арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Билердің 
кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне мәнді өзгерістер енгізеді. Халық 
бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін 
ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен. Бұрынғы заң-қағидаларға 
енгізген ережелері мынау:
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар, ат, ердің құны т.б.).
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу 
мәнері).
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, 
асар т.б.)
Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге 
әкелді. Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың 
этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін 
арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар 
Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында 
Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» – 
дейді. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы жайындағы хабарлар Еуропа елдеріне де 
жетеді.1516 және 1526 жылдары Москвада екі рет болған австриялық елші Сигизмунд 
Герберштейн «Волга бойындағы бұл патшалық (Қазан хандығын айтып отыр Б. К.) 
оңтүстікте және шығыста далалық аймақпен шектеседі. Шығыста олар шайбанилар және 
қазақтар деп аталатын татарлармен араласып тұрады», — деп баяндайды. Бұл тұңғыш рет 
қазақ деген халықтың еуропа халықтарына таныстырылуы, белгілі болуы еді. Мұнда әрине, 
Қасым ханның рөлі айрықша орын алады. XVI ғасырдың бірінші ширегінде қазақ атын жер 
жүзіне жеткізген Қасым хан есімі қазақ халқының тарихи санасында мәңгі орын алып, 
жарты мың жылдан аса сақталып келе жатыр. «Қасым ханның қасқа жолы» — осының 
куәсі. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:1. Қасым ханның билігі тұсында 
Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға 
көтерілді; 2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді; 3. Хандық 
билік этникалық территорияга толық тарап, рөлі артты; 4. Халықтың саны Қасым хан 
тұсында бірнеше есе өсті; 5. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы 
әдет-ғұрып заңы сай келмеді. Міне осы аталған себептер «Қасқа жолды» дүниеге әкеледі. 
Бұл заңның жазбаша тексті болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы 
сақталуы «Қасқа жолдың» қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға үйлесімді 
болғанын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет