49. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі.
Жоңғар басқыншылығы – Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі. XVII ғасырдың
аяғынан бастап жоңғар басқыншылары Қазақстан жерін басып алып, қазақ халқын қанау
мақсатында басып кіре бастады. Жүз жылдан астам қазақтар жоңғар басқыншыларына
қарсы ұлт-азаттық күрес жүргізді.
Қазақ халқының жоңғарларға алғашқы ірі қарсылығы 18 ғасырдың ортасында Әбілқайыр
ханның басшылығымен ұйымдастырылды. 1720 жылы Әбілқайыр хан жоңғарларға қарсы
қуатты көтеріліс жасап, қазақ жерін олардың басқыншылығынан азат етті. Алайда 1748
жылы ол қайтыс болғаннан кейін жоңғар басқыншылары Қазақстан жеріне қайтадан басып
кірді.
1755 жылы Қазақстанды патшайым Елизавета Петровна басқарды, ол қазақтарды қорғап,
орыс әскерін көмекке шақырды. Генерал М.И.Черняев бастаған орыс әскерлері
жоңғарларды талқандап, қазақ жерін азат етті.
Алайда жоңғарлар Қазақстанды басып алу әрекетінен бас тартпай, 18 ғасырдың аяғында
ел аумағына қайтадан басып кіре бастады. Бұл жолы қазақтар Кенесары Қасымов, Абылай
хан, Есім хан сынды қаһарман қазақ хандарының басшылығымен ұлт-азаттық күрес
жүргізді. Олар жоңғар басқыншыларына қарсы қарулы шерулер ұйымдастырып, қазақ
жерін қорғады.
1727 жылы Кенесары Қасымов 10 жылдан астам уақытқа созылған жоңғарларға қарсы
көтеріліске басшылық етті. 1757 жылы Абылай хан жоңғарларға қарсы жаңа көтеріліске
басшылық етті.
50. Бұланты, Аңырақай шайқасы: барысы, тарихи маңызы
Бұланты шайқасы
ж. Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ жасақтарының
жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы.
1723-1725 жж. қазақ жерінің шығысы мен Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі
өңірін басып алған жоңғарлар Ұлытауға қарай бет бұрды. Осы қауіпті кезеңде Ордабасы
жиынында біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланды.
Бұл жоңғарларға қарсы ұйымдасқан шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Соның
нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шұбар теңіз шайқасында
қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті өзендері
арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Ол тарихқа Бұланты шайқасы деген атпен
енді. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарлар Ұлытауға жеткізбей тоқтатылды.
Сол жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе «Қалмаққырылған» атанды. Қанжығалы қарт
Бөгенбайдың ұсынысымен соғыста қаза болған қазақ жауынгерлерінің денесі таудың
басына шығарылып жерленді. Өзінің маңыздылығы жөнінен Бұланты шайқасы 1941 ж.
Мәскеу түбіндегі жеңіспен барабар. Осы оқиғадан кейін жоңғарлар басып алған қазақ
жерлерін азат ету кезеңі басталды.
1723-1725 жылдары қазақ жерінің біраз өңірін басып алған жоңғарлар Ұлы тауға
қарай бет бұрды. Азаттықты аңсаған, елдің басын қосып, бірлік болмай, тірлік
болмайтынын ұғынған қазақ халқы бардың басын қосып, жиын өткізді. Ордабасы
жиынында біріккен қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайырды хан
сайлады. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілхайыр бастаған
қалың қол 1726 жылдың соңы мен 1727 жылы жоңғарларға қарсы соғыс ашты. 1726 жылы
Шұбар теңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңілген жоңғарлар кейін шегіне
бастады. Бұның артынша Бұланты мен Білеуіті өзендері аралығындағы шешуші ұрыста
қазақ қолы жоңғарларды Ұлытауға жеткізбей тоқтатты. Бұл ұрыс тарихқа Бұланты-Білеуті
шайқасы деген атпен енді. Осы жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе Қалмаққырылған
аталып кетті.
Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар
басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.[1]
Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы
бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл
кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген
олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер
Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы,
батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі
кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл
шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Ұрысқа бас қолбасшылар Қабанбай батыр, Бөгенбай батырлар сайланды,Орта шепті
Бекжан батыр басқарды. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін Қазыбек
батыр, Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы
жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қаракерей Қабанбай Бөгенбай
батыр,Бекжан батыр,Шақшақ Жәнібек, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар
басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақтың көптеген руына қолбасшы болып сайланған
Бөрібай батыр,қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды.
Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Шайқастың ең басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен
жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ қолдарының рухын көтерген.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген
атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң
жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
Достарыңызбен бөлісу: |