42. Жоңғар шапқыншылығына қарсы Орбұлақ шайқасы: барысы, тарихи маңызы.
Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы
азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың
жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолын басқарған
Батыр Қонтайшы арасында өтті.
Барысы:
Батыр Қонтайшы бастаған ойрат-қалмақ елу мың қолмен қазақ елін жаулап алуға
аттанғаны жөнінде Салқам Жәңгір өз шолушыларынан мәлімет алады. Орбұлақтағы ойрат
пен қазақтың тектілері Қарахан патшаның тұсында «Арамызды шаhар байласын, шаhар
байламаса, заhар шайнасын» деп анттасқан көрінеді. Маруан-Аhра би «Орбұлақ тектілердің
ат-тізгінін тартып тоқтаған тәтті жері еді. Ойраттар анттан аттады. Орбұлақтың бойында
улы жебемен қарсы алыңдар. Бұл жерге қылыш көтеріп келгендер өз қанына өзі
тұншығады. Ойраттар елу мың болса да 600 сарбазың жетеді. Қостоқты бастаған қолың,
Сүлеймен бастаған сексен мергенің бар, қия тұмсықты біз барғанша төтеп беріңдер» деп
Салқам Жәңгірге хабар жібереді. Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі
600 қойтасты паналап ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар
Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Улы жебе адамға жанап кетсе болды, безгек
тигендей мәңгілікке сұлап түседі екен. Ал Сасықтеке деген гүл таутекелер
күйлеген кезде иіскейтін және сол уақытта гүлдейтін болса керек. Соны суға қайнатып,
оған шүберек малып кептіреді де, жағып жіберсе түтіні жан-жануарды уландырып
тастайды. Салқам Жәңгір әскерінің бас қолбасшысы Қостоқты батыр 600 сарбазын
із суытар жерге тастап, ойраттардың алдынан өзі шығады. Оларды алдаусыратады
да «Сасықтеке» түтініне ұрындырады. Қазақ қолының аз екенін білетін жау жапырып
тастамақ болып лап бергенде улы түтінге, онан соң улы жебеге ұрынады. Міне, осындай
амал-айла арқасында қалмақ қолы ойсырай бастайды. Аузы-басын тұмшалап,
ешкінің майымен майлап алған қазақ жауынгерлеріне улы түтін әсер ете қоймайды.
Уланғандары қымыз бен меңдуананы араластырып ішіп, тазарып аман қалады. Ал аттары
уланса тұмсығына құйрық маймен ұрып тазартады. Алғашқыда не болғанын түсінбей
қалған ойраттар мәнісін кейіннен біледі. Он мыңдай жасағынан айырылған олар кейін
шегініп ақылдаса бастайды. Осы кезде жиырма мың қолымен Жалаңтөс Баһадүрдің қолы
тықсыра бастайды Жоңғарлармен шайқаста Жәңгір тапқырлық көрсетіп, дұрыс шешім
қабылдады. А.И.Левшин: «Ол ашық шайқастан қашып, аздаған адамдарының бір бөлігін екі
таудың арасымен сайға орналастырды. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын
жасады, ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырды.
Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасады.
Көп адамынан айырылған соң, оларды қоршап алуға алаңның тарлығы мүмкіндік бермеді.
Сол кезде Жәңгір олардың ту сыртынан шабуылдады. Ойламаған жерден болған
соққының, әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының
өте сапалы болуынан Батыр қонтайшыға қатты соққы берді», – деп сипаттайды.
Жоңғарлардың отрядтары ойлы-қырлы жерлермен кезеңге шығып, оқты қарулармен
қаруланған қазақтармен соғысуға мәжбүр болды. Жоңғарлардың қару-жарақтары туралы
Ю.Крижанович: «Қалмақтар соғысқа өте мықты қаруланып шығады. Дулығамен, найзамен
және сауытпен. Олардың садақтары мен қылыштары біздердікінен қысқа және ұшы
қайырылмаған. Оны римдіктердің «siccae» атты қаруларымен салыстыруға болады. Өздері
оны лақтыратын найза деп атайды. Дегенмен де соғыса келе, олар
өте жақсы ойланған қақпанға түскендерін, кезеңге шабуыл жасаудың оларға жеңіс
әкелмейтінін түсінді. Бірақ әскерді тоқтату мүмкіндігі тіпті болмады. Артта келе жатқан
әскерлер олардың тығыздығын көбейте бастады. Ол жоңғарлардың жауынгерлік
ұрандарын, көпшілігінің тез алға ұмтылуын әлсіретті. Ақырында мағынасы жоқ шабуылды
тоқтатудың сәті түсті. Барлық әскерлерге қоманда жетіп, олар төменгі жерге түсіп,
қазақтың жауынгерлерін өзеннің маңайында айналып өтуге шешім қабылдады. Жоңғарлар
төменге бет алды. Айнабұлақ өзенінің ағысының ойылған жерінде өткел бар, оны
альпинистер «цирк» деп атайды. Қазақтың атқыштары оларды сол жерге қуып тықты. Осы
арада жоғарыдан асылып тұрған тастар төмен құлай бастады. Ол атқа немесе әскеріне
тиіп, қырыла бастады» – дейді. Аман-есен шыққандары қазақ жауынгерлерінің оғынан қаза
тапты. Шайқас бір жағдайда ғана тоқтауы мүмкін еді,
ол – жоңғарлар жағдайды түсініп, кезеңге шығу үмітінен бас тартулары тиіс. Қазақ
әскерлерінің бір бөлігіне таулардың арасындағы қалмақтар бекіністен тар өткелмен
өткенде қоршап алу бұйырса, екіншісіне тауда жасырыну бұйырды. Ол қалай ойласа, солай
болды. Қоңтайшы бекініске шабуыл жасады. Содан ерлікпен қорғана бастады. Осы кезде
Жәңгір сұлтан жауға сырт жағынан шабуылдады. Винтовкасымен соққы берді. Жаулар
жағынан 10000-ға дейін адам қырылды» – деп сипаттайды. Жоңғарлар тағдырмен ойнамай,
кейін шегінді. Таудағы шайқас Жәңгірге қанат бітірді. Оқиға аяқ астынан ойламаған шешім
қабылдатты. Енді жоңғарлар шайқасқа ашық жерлерді іздей бастады. Ондай жер
Орбұлақтың шет жағынан табылды.
Шындығында, екінші шайқаста Батыр қоңтайшы ауыр жағдайдан жеңіл құтылды. Тіпті
өзімен бірге 10 мыңдай тұтқынды алып кетті. Ол жасақшыларды емес, жолдағы бейбіт
ауылдарды шауып, адамдарды тұтқындаған.
Тарихи маңызы:
Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті көрсетті.
Қазақ хандығының әскери өнерінің тарихында тұңғыш рет оқпана қазып соғысу тәсілі
қолданылды. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында,
Орбұлақ деген жерде болған. Бұл шайқас қазақ халқының тарихында басқа да ірі
оқиғалармен бірдей орын алды. Жәңгір «Салқам» (айбатты) деген құрметті атқа ие болды.
Бұл соғыс ойрат қоғамына өз әсерін тигізді. Олардың өзара қырқысын бастауға әкеліп
соқты. Ескі феодалдар арасындағы өзара қайшылықтары жарыққа шықты. Жәңгір хан
бірегей қолбасшы, әрі епті стратег екенін дәлелдеді. Ол оқиға болып жатқан кезде
не істеу керектігін тез ұға білді. Шешуші кезеңде жауынгерлерді жігерлендіріп өзінің тікелей
соғысқа қатынасуымен шешіп кетіп отырды. Осы ерекшеліктерімен Орбұлақ шайқасында
көзге түсті. Қазақ жауынгерлері өздерінің ерліктерімен, өздерінің жан
аямайтындықтарымен өз жерінің тәуелсіздігін және халықтың бостандығын қорғай
алатындығын дәлелдеді. Шайқас қазақ халқының тарихындағы аса ірі жеңістердің бірі әрі
бірегейі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |