. 60. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда
жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді.
Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын.
1822
жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К.
Эссен
Ресей астанасына « Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде
Шерғазы
әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің
ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы
ұсынған жобатолықтыра түсу үшін
Азия
комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті
жобасын Ресей патшасы I Александр
1824
жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан
Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп
тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз
аумағы
Жайықтың
сырт жағындағы үш округқа бөлінді.
1828
жылы ондағы әкімшілік
бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші
жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың
қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай
жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак
станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі
олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың
атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, баскарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды
тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды.
Сайлау жүйесі
жойылды