жағында — Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі
— 92 144,5 km2 19 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2.
Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері
төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм
бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала
кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында
құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда
тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды.
Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу
болады. Ең ірілерінің шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін
қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал
кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған.
Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына
ризашылықтарын естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей
ордасында 100-ден астам Ресей және шетел зерттеушілері болған.
65. Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері.
— Казактар немесе козактар(орыс.казаки; укр.козаки)- XIV-XV ғасырларда Украина және
Оңтүстік Ресей далаларында қалыптасқан басыбайылыққа
(крепостниктік правоға) қарсы шаруалардан құралған еркін казактардың қауымдары.
«Казак» сөзі түркі тілінен шыққан, өз ортасынан бөлініп шыққан, «ерікті адам»
деген ұғымды білдіреді.
Ресейдің Қазақстанды отарлауында казактар шешуші рөл атқарды. Патша өкіметі қазақ
жерін толығымен бағындырып ұстау үшін оның Батыс, Солтүстік, Оңтүстік-Шығыс
шекараларында 4 казак әскерлерін ұстады. Олар:
1591 жылы құрылған Жайық (Орал),
1734 жылы құрылған Орынбор,
1808 жылы құрылған Сібір,
1867 жылы құрылған Жетісу Казактар әскерлері еді.
Достарыңызбен бөлісу: