Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 И.К. Кирилов жобасы. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы және қызметі



Pdf көрінісі
бет46/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

.
54. И.К. Кирилов жобасы. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы және қызметі. 
1735 жылы 15 тамызда 
Иван Кириллов
 бастаған экспедициясы Жайықтың сол жақ 
жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады. 1740 жылы 
Василий Татищев
сауда керуендері түнейтін, үлкен әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал 
орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек 
жерден салуға рұқсат сұрады. Сөйтіп, қазіргі Қызылту станциясының іргесі қаланды. 1742 
жылы жаңадан тағайындалған губернатор 
И. И. Неплюевке
бұл жер ұнамай, 1736 жылы 
Кириллов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс 
жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. Орынбор іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. 
Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзеннің сол жағалауында жүргізілді. Осы 
жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының Орынборға және 
қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. Орынбор 
1868
 жылдан Ресейдің 
Қазақстан және 
Орталық Азиямен
арадағы ірі сауда орталығы болды
55. Орынбор губерниясының губернаторы И.И. Неплюевтың саясаты. 
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу 
туралы грамотаға қол қойды.Империяға өтудің сипаты үстірт,жасанды болды.Дегенмен бұд 
Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басы еді.Жоңғариямен ұзаққа 
созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен,ол табыс баянды 
бола қоймады.Хандар мен сұлтандардың тақ таласына байланысты алауыздығы 
салдарынан бұл күреске Ресей империясы тартылды.Ресей қалайда Қазақстанды өзіне 
қосып алуды көксеп,қолайлы кезеңді күтумен болды.
Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз 
іздестіре бастады.Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл 
ретте оның жеке басының ерекшеліктері де шешуші рөл атқарды.1730 жылы Кіші жүздің 
билері Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды.Алайда Ресеймен келіссөз мүлде басқаша 
сипат алды.Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғв 
қыркүйек айында Әбілқайырдың елшілігі Петербургке келді.Елшілік Кіші жүзді Ресейдің 
қарамағвна алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс 
етті.1744 жылы қазақ халқын ата қоныстарынан ығыстыру жөнінде қосымша жобаның 
авторы. Бұл жазбада қазақтарды Орал мен Сібір жағынан қоршауға алу жоспарланған 
еді. Әсіресе,Жайық қалашығы,Орынбор,Орск,Жаңа ойыл шебі,Сібір шебіндегі әскерлерді 
қазақтарға қарай бағыттау болды.
1742 жылы 19 қазанда И.И.Неплюев қазақтанды Жайық өзені маңында көгіп-қонуға тыйым 
салу туралы жарлық шығарды.Онда мынандай ескертурлер жазылған: <Жарлықта 
көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хандарына,сұлтандарға,старшындармен бардық 
халыққа жар саламын,бұдан бұлай осы жарлық алғаннан кейін қамал жанында және 
Жайық өзенінің арғв бетіне көшіп қонуға тыйым саламын.Егер ол бұзылатын болса,онда 
қатаң жаза қолданамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет