К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы



Pdf көрінісі
бет20/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

11 - дәріс. Cөздің логикалылығы 
Логикалылық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз.
Бұл сапа ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз 
байланысты болып келеді. Сөз арқылы қарым-қатынас жасағанда, формальдық 
логика заңдарының сақталуы талап етіледі. Ал мұндай қателер көп реттерде 
ауызекі сөйлеу тілінде кездеседі. Жазба тілде де логикалық қателердің 
ұшырасып отыратыны бар. Ол қателіктердің орын алуының бір себебі 
логикалық екпіннің қай сөзге немесе қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанына 
тиісінше мән бермеушіліктен болып жатады.


33 
Сөздің логикалылығының сақталмауына көптеген себептер болады. 
Жекелеген сөзге немесе сөз тіркесіне логикалық екпіннің түсіре айтылуы – сол 
себептердің бірі ғана. Логикалылықтың сақталмауы көп жағдайда синтаксистік 
құрылымға да байланысты болып келеді. Сөйлем ішінде есімдіктердің 
орнымен қолданылмауы ойдың түсініксіздігін туғызады: Көп адам соңғы 
жылдары кітап дүкендерінен қажетті кітаптарын таба алмай жүреді. Олардың 
қажеттігін сауда орындары тиісті есепке ала бермейтін сияқты (газеттен). Бір 
қарағанда түсінуге қиындық келтіретіні рас: кітап дүкендерінің қажеттігін бе 
әлде кітаптардың қажеттігін бе – қайсысын есепке алу керектігі күңгірттеу 
сезіледі.
Бірыңғай мүшелердің қызметін атқаратын сөздердің «тең 
құқылығының» сақталмауы да логикалық қателікке ұрындырады: Университет 
пен бірнеше факультеттің ұжымдары Наурыз тойына жақсы дайындықпен 
келді (газеттен). Мұндағы бірыңғай анықтауыштардың (университет, 
факультет) өзара қатынасы бүтіннің бөлшекке қатынасын көрсетеді
сондықтан олардың бірыңғай мүше ретінде қолданылуы қисынсыз.
Қаратпа, қыстырма сияқты оқшау сөздердің де мағынасыз қолданылуы 
ойдағы қайшылықты танытады: Біздің көршілеріміз өте мәдениетті адамдар, 
обалы не керек, кей-кейде мазамызды алып тұрады (газеттен). Күлкі 
туғызатыны түсінікті, өйткені қыстырма сөздің екі жағындағы айтылған ой бір-
біріне қайшы келіп жатыр. Әрине, әзіл-оспақ мағынасындағы қолданыс болса, 
мақсат орындалып тұр. Өкінішке орай, салқынқанды әңгіменің арасында 
осылай орынсыз жұмсалып тұр.
Ойды жүйелі баяндауда абзацтың атқаратын қызметін ескермеуге 
болмайды. Сөйлемдердің абзацтарға бөлінуі жазушыға да, оқырманға да 
тиімді: ойдың нақтылығы да, логикалылығы да, соларға байланысты жүйелілік 
те сақталады, жазғанда да ой тиянақты, шымыр болады, оқығанда да жеңіл 
келіп, қабылдауға оңай болады. Олай болмағанда, соншалықты үлкен қателік 
орын алмаса да, ойды бірден түсінуге қиындық келтіретіні білініп тұрады.
Сөйлеу мен жазудағы логикалылық ұғымы дәлдік ұғымымен тығыз 
байланысты. Нақтылық болмаған жерде логикалылықтың болмауы да мүмкін. 
Бұл қажеттілік әсіресе ғылыми еңбекте байқалады, себебі ғылыми-зерттеу 
жұмыстарда қандай да бір пікірдің, болжамның нақты деректермен дәлелденуі 
талап етіледі. Ал дәлелдеу бар жерде, бір ойдан екінші ойдың сабақтас болып 
жатқан жерінде, одан соң автордың нысанаға алған мәселесі жайында әлдебір 
қорытынды жасауы керектігі сезіліп тұрған сәттерде логиканың қажеті өзінен-
өзі белгілі болса керек. Ғылыми еңбектер әр түрлі жанрда болатынына 
қарамастан (лекция, мақала, баяндама, диссертация, монография, ғылыми 
жұртшылық алдында сөйленетін сөз), зерттеушілердің түгелдей атап 
жүргеніндей, негізгі үш бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. 


34 
Тіпті мақала, баяндама сияқты шағын жанрлардың өзі дәл осылай аталып 
көрсетілмесе де, құрылымының осындай үш құрылымды композициядан 
тұратындығы күмән тудырмайды. Бұған мысалды кез-келген тәжірибелі автор 
жазған ғылыми шығармадан келтіруге болар еді.
Тегінде ой мен сөздің логикалылығының сақталуы функционалдық 
стильдердің барлығында да керек, тіпті ауызекі сөйлеу тілінде қай мәселеге 
мән бере айту, демек, әңгімелесуші адаммен түсінікті түрде қарым-қатынас 
жасау да тіл мәдениетіне қойылатын талапты орындау болып табылады. Бұл, 
екінші жағынан, сөйлеушінің мәдениеттілігін де танытады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет