Патогенді кокктар Кокктар



бет6/6
Дата04.10.2022
өлшемі28,71 Kb.
#41214
1   2   3   4   5   6
Инфекция көзі-ауру адам мен микробтасымалдаушылар, сирек ауру жануарлармен ластанған тағамдар.
Тарау жолдары.
1.Ауа тамшысы
2.Ауа шаңы
3.Тағам арқылы
4.Тұрмыстық қатынас
Ауру қай кезде пайда болады.
1.Экзогенді жұққанда-сырттан жұқтырады.
2.Микроб эндогенді жұққанда-шартты патогенді стрептококктар-мұрын, таңдай, жыныс жолдарының кілегейлі қабатын мекендегенде.
3.Аутоинфекцияда-иммунитеттің төмендеуінен пайда болады (аштық кезінде, тоңу, шаршау т.б.)
4.Микроб қанға енгенде-сепсис ауруы (қанның ұлануы)
Аурулары:
1.Іріңді инфекция (флегмона, абсцесс, жарақат инфекциясы)
2.Іріңсіз инфекция: 1) жоғары тыныс жолдарының қабынуы
2) тілме қабынуы (рожа)
3) скарлатина
4) ревматизм
3.Қосылған немесе екіншілік инфекция-тұмау, қызылша, көкжөтел (стрептококк қосылып әлсіретеді).
Иммунитеті:
1.Антитоксиндік
2.Антибактериалдық
Алдын алуы. Санитарлық-гигиеналық шаралар, ағзаны шынықтыру.
Емдеуі. Антибиотиктер-пенициллин, тетрациклин.

Микробиологиялық зерттеу


Мақсаты: стрептококктарды бөлу және патогендігін анықтау.


Негізгі зерттеу әдістері:
1.Микроскопиялық
2.Микробиологиялық
3.Серологиялық
1 күн

Кілегей, ірің,несеп,теріден жағынды,5 % қанды агарға егеді. Термостатқа 37 С, 24 сағатқа қояды. Несепті центрифугадан өткізіп, тұнбасынан жағынды препарат әзірлеп, грамм әдісімен бояп, микроскопиялайды.


2 күн

Табақшаларды алып өскен колонияларды сипаттап күмәнді деген колониялардан жағынды әзірлеп, Грамм әдісімен бояп, микроскопиялайды.Стрептококктар табылса, колонияның бір бөлігін:


1.Қанды сорпаға
2.Сары сулы агарға қиғаш таза дақыл бөліп алу үшін
Сорпадағы 5-6 сағаттық дақылды немесе таза дақылды 0,25 % глюкозасы бар Мартен сорпасына Ленсфилд әдісі бойынша преципитация реакциясына қою үшін егеді. Пробиркалар мен флаконда термостатқа қояды.

3 күн
Термостаттағы қиғаш агарды алып, таза дақылдан тағы да жағынды әзірлеп Грамм әдісімен бояп, микроскопиялайды.


Таза дақылды Гисса қатарына (глюкоза, лактоза, сахароза, мальтоза ) ,сүтті, желатин, 40 өт, егеді және термостатқа қояды.
2.Мартен сорпасында (қант сорпасы) өсу байқалса, Ленсфильд преципитация реакциясын қойып серологиялық топты анықтайды.
4 күн
Табақшаларда күмәнді колониялар болса, оларды қанды агарға егіп таза дақыл бөліп алып, әрі қарай жалпы кесте бойынша зерттеледі.Егер табақшалардан микроб өспесе,онда флакондардың (қан егілген) термостатта 1,5-2 ай бойы қойып 2 күнде 1 қанды агарды егіп тұрады.
Ленсфильд преципитация реакциясын қою.


Мартен сорпасында өскен тәулік дақылды центрифужды пробиркілерге құйып, 3000 айналым/мин 10-15 минут центрифугалайды. Тұнба үстіндегі сұйықтықты зарарсыздандыратын ерітіндіге төгеді, ал тұнбаға залалсыз натрий хлорид ерітіндісін құйып, центрифугалайды. Бүкіл центрифужды пробиркілерден алынған тұнбаға 0,4 мл 0,2% НCI қосады. Содан соң пробирканы су моншасына салып, қайта-қайта араластырып ,15 минут қайнатады. Қайнатқаннан кейін тұнбаны қайтадан центрифугалайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет