Патогенді кокктар Кокктар



бет5/6
Дата04.10.2022
өлшемі28,71 Kb.
#41214
1   2   3   4   5   6
Культуралдық қасиеттері. Факультативті анаэробтар. Өсу температурасы 37 С, рН ортасы 7,6-7,8 (оптималды). Қан және қанның сарысуы қосылған ортада жақсы өседі. Тығыз ортада ұсақ, беті тегіс, лайлы, сұр түсті колониялар түзеді. Қант қосылған сорпада ұсақ, түйіршікті тұнба түзеді, сорпа мөлдір болады. Қанды агарда-гемолиз түзеді. Гемолиз-эритроциттің еріп кетуі,ыдырауы.
Токсин түзуі. Экзотоксиндер түзеді.
1.Стрептолизин-эритроциттерді ыдыратады.
2.Лейкоцидин- лейкоциттерді ыдыратады
3.Эритрогендік (скарлатиналық токсин) интоксикация тудырады
4.Цитотоксиндер- гломерулонефрит тудырады (бүйрек шумақтарының қабынуы)
Антигендік құрылысы. Стрептококктарда көптеген антигендер табылған.
1.Түрлік антиген-барлық стрептококктарға тән антиген, цитоплазмада болады, құрамы-нуклеопротеидті.
2.Топтық антиген-жасуша қабырғасының сыртында болады, құрамы-полисахаридті, бұл антиген бірнеше топқа бөлінеді. Оларды латын әрпімен белгілейміз:А В С D.....
3.Типтік антиген (серологиялық типтер)
А тобын-70 стрептококктардың типтері құрайды. Олар әртүрлі ауру тудырады.
В тобын-шартты патогенді стрептококктар құрайды.
С тобын –адам мен жануарларға тән патогенді стрептококктар жатады.
D тобын-патогенді емес стрептококктар құрайды. Бұған энтерококктар жатады. Бөлінген дақылдардың осы аталған серологиялық топтың біреуіне жататынын преципитация реакциясы арқылы анықтайды. Ал серологиялық типтерді анықтау үшін агглютинация реакциясы жүргізіледі.
Стрептококктардың төзімділігі. Стрептококктар қоректік ортада төзімді. 60 температурада 50 минуттан кейін жансызданады. Кепкен іріңмен қақырықта айлар бойы сақталады. Зарарсыздандыратын ерітіндіде 15-20 минуттан кейін жойылады, ал энтерококктар басқа стрептококктарға қарағанда төзімдірек. Оларды зарарсыздандыратын ерітінділер 50-60 мин кейін жоя алады.
Жануарлардың сезімталдығы. Бұл микробқа ірі және ұсапқ малдар, жылқылар, иттер, құстар сезімтал. Лабораториялық жануарлардан-қоян, ақ тышқандар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет