Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет14/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Микробқа қарсы иммунитетте қоздырғыш микроорганизмдер макроорганизмде 
даму мүмкіндігінен айырылады, өйткені иммундалған малдың фагоциттері мен 
антителалары бүлдіреді. 
Уытқа қарсы иммунитетте микроб организмде өмір сүре алғанымен ауру болмайды, 
өйткені иммунды орнаизм микроб уытын бейтараптайды. 
Инфекциялық иммунитет – туынды иммунитеттің ерекше формасы. Ол инфекцияны 
қалдыруға емес, оның организмде болуына негізделіп инфекция болғанға дейін сақталады, 
егер инфекция тоқталса, иммунитет те жоғалады. 
Инфекциялық немесестерильді емес иммунитет – организм микроб – қоздырғыштан 
толық тазартылғанша сақталады. Мұндай құбылыс туберкулез, мерез (сифилис), 
бруцеллез, алапес (проказа), ішек инфекциялары (іш сүзек, қылау, яғни паратиф, 
дизентерия) және басқа да созылмалы инфекциялық ауруларда байқалады. 


52 
Стерильді иммунитет – организм жұқпалы қоздырғыштан арылғанда байқалады. 
Мәселен, күл (шешек), бөртпе сүзек (сыпной тиф), сібір жарасы және басқа да аурулар 
кезінде организм оған жұққан микробтарға стерильді болады. 
Ерекше емес иммунитет - әр түрлі заттарды, көбінесе белокты заттарды 
парентеральды (ас қазан жолынан тыс) енгізу нәтижесінде пайда болған әр түрлі 
инфекциялық агенттерге организмнің қысқа уақыттағы өте төзімділігі. Жануарларға 
алдын ала ерекше емес вакциналарды, белокторды, сондай-ақ жоғары молекулалы 
ыдыраған белок өнімдерін енгізгенде бірқатар инфекцилық процестердің қолайлы 
өтетіндігін көптеген зерттеушілер талай рет атап көрсеткен болатын. Емдеудің мұндай 
тәсілін пртеинмен емдеу деп атады. Протеинмен емдеуге пастеризацияланған сүтті, 
гемолизданған қанды, органдар сығындысын (экстрактісін), белок гидролизаттарын т. б. 
пайдаланады. Протеинмен емдеу – тітіркендіру арқылы ерекше емес емдеудің бір түрі. 
Протеинмен емдеу кезінде организмнің қуаттану механизмі жете анықталмаған: 
біреулер оны фагоцитоздан антителла бөлінуден десе, екіншісі – алмасу процестерінің 
күшеюінен дейді. Қалай болған күнде де, бұл реакция, бөгде заттардың ішкі ортаға түсуі 
организмнің физиологиялық жауабы болып саналады. 
Инфекцияны қабылдамаушылық механизмі. Микробтардың организмге енуіне 
бөгет жасайтын тканьдердің қорғаныш қызметін алуан түрлі механизмдерге негізделген: 
а) микробтардың тері мен кілегей қабықтан механикалық жолмен жойылуы; б) 
микробтардың организмнен табиғи (жас, ас қорыту сөлі, қынап сұйығы) және 
патологиялық (экссудат) сұйығымен құртылуы; в) микробтардың тканьдерде іркілуі және 
олардың фагоциттермен құртылуы; г) микробтардың ерекше антела көмегімен құртылуы; 
д) микробтардың және олардың уларының организмнен бөлініп шығуы. 
О р г а н и з м н і ң т о с қ а у ы л д ы қ ф у н к ц и я с ы – тканьдердің биологиялық 
өткізгіштігінің негізін құрайтын физикалық, физико-химиялық және биохимиялық 
процестердің жиынтығы. Организмде сыртқы және ішкі тосқауылдық бейімділік болады.
Сыртқы тосқауыл бейімділігіне тері, кілегей қабықтар және ас қорыту бездері жатады. 
Зақымданбаған тері – организмді механикалық, химиялық және инфекциялық 
тітіркендіргіштердің енуінен қорғайтын табиғи тосқауыл. Микроорганизмдердің көпшілігі 
теріден өте алмайды, тек кейбір қоздырғыштар ғана тер және май бездерінің шығару 
өзектерінің 
саңылауы 
арқылы 
енеді. 
Тері 
секреттерінің 
көптеген 
патогенді 
микроорганизмдерге (гемолиттік стрептококктар, ішек таяқшалары т. б.) бактерицидтік 
қасиеті бар. 
Терінің бактерицидтік қасиеті тер қышқылдылығына, антисептикалық әсері болатын 
липидтердің май бездері секретіндегі мөлшеріне байланысты. Терінің қорғаныш 
функциясында оның рецепторлық аппаратының да ролі бар. 
Организмге қоздырғыштардың енуіне көздің, мұрын-жұтқыншақтың, тыныс алу, ас 
қорыту және несеп-жыныс жолдарының кілегей қабықтары да бөгет жасайды. Бұған 
кілегейлі 
без 
секреттері 
де 
бөгет 
жасап, 
бөгде 
денелерді 
(соның 
ішінде 
микроорганизмдерді) шаяды және химиялық заттарды сұйылтады. Кілегей қабықтардан 
бөлінетін кейбір бактерицидтік заттардың да (лизоцим) едәуір маңызы бар. Лизоцим 
дегеніміз фермент (рибонуклеаздар типтес). Ол жаста, сілекейде, қақырықта, іш пердесі 
(перитональный) сұйығында, шеміршектерде, лейкоциттерде, плазмада және қан 
сарысуында 
болады. 
Ол 
ми-жұлын 
сұйығында, 
терде 
кездеспейді. 
Лизоцим 
ферментациялық 
әсері 
арқылы 
кейбір 
микробтарды 
(тырысқақ 
вибриондары, 
менингококктар т. б.) ерітіп жібере алады. Тыныс жолдарының жыбырлақ (мерцательный) 
эпителийі де қорғаныш функциясын атқарады. Тыныс жолдарын тазартуға қозғалыс-
қорғаныш рефлекстері, жөтел, түшкірік те ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет