43
жылқыларға қарағанда, жылқының нониус тұқымы вирусты
энцефаломиэлитке едәуір
төзімді болады. Ал ит пен егеуқұйрыққа сібір жарасы, тауыққа – сіреспе жұқпайды.
Ақ бациллді іш өтумен балапан ауыратын болса, суда жүзетін құстар мұнымен
ауырмайды. Ақ бациллді іш өтуді кейбір тауық тұқымдары әр түрлі қабылдайды
(родайланд пен ақ плимутрок тұқымдарына қарағанда, ақ леггорн – төзімдірек).
Сонымен, патологиялық процестің дамуында организмнің конституциялық
ерекшелігінің зор маңызы бар. Мұның өзі мал дәрігерлік практикада малды емдегенде
және сақтық шараларын ойластырғанда ескерілуі тиіс.
Малдың азықтандыру, күту, бағу және пайдалану жағдайларын қолайлы ете отырып,
олардың ауруға конституциялық тұрғыдан бейімділігін едәуір бәсеңдетуге болады.
Мал шаруашылығында малды төлдегіштігіне жәнеөнімділігіне қарай сұрыптау
бұрыннан жүргізіліп келеді. Малдың конституциялық беріктігі мен төзімділігін, нақты
климат жағдайы мен сартқы ортаның қолайсыз
әсеріне бейімделгіштігін, патогенді
тітіркендіргіштерге төзімділігін пайдалану арқылы дені сау мал табынын құру мақсатында
арнайы селекциялық жұмыстар жүргізудің де ерекше маңызы бар. Осы бағытта қазір көп
жұмыстар атқарылуда. Демек, тұқым қуалағыштық пен конституция туралы ілімді
басшылыққа ала отырып, мал шаруашылығы қызметкерлері малдың дені сау, жоғары
өнімді табындарын құра алады.
Малдың бір түрі кейбір инфекциялық ауруларға тез шалдығуы, ал кейбіреуі мүлде
ауырмауы, немесе оларда аурудың клиникалық белгілері шамалы білінуі мүмкін.
Мәселен, сібір жарасының қоздырғышы көптеген малға жұғады, бірақ ит оған көп
шалдыға қоймайды, ал құс әдеттегі жағдайда бұл ауруға мүлде дерлік шалдықпайды.
Алайда, егер тауық пне көгершін организмінің
қорғаныш қасиетін әлсіретсе, онда олар
сібір жарасымен ауырады.
Ірі қара обасымен көбінесе осы түлік шалдығады, ал қой мен ешкі онша көп
ауырмайды, ал итке, жылқыға және басқа малдарға бұл инфекция жұқпайды. Тек малдың
бір түріне ғана тән аурулар болады.
Кейбір аурулардың өршуі малдың тұқымына да байланысты. Буденный және терск
тұқымының жылқылары өкпе ауруларына, алжир қойы – топалаңға, кавказ қойы (тау
мериносы) пироплазмоз ауруына төзімді. Кейбір мал тұқымдары,, керісінше кейбір
ауруларды тез қабылдайды. Мысалы, ірі қараның остфриз тұқымы туберкулезге, ауыр жүк
тартатын жылқылар – гемоглобинурияға жиі шалдығады.
Ауру патогенезінде малдың жасы мен жынысының да мәні бар. Мәселен, жас
малдар асқазан –ішек жолдары ауруына, өкпе қабынуға, рахитке, сондай –
ақ кейбір
инфекциялық ауруларға жиі ұшырайды. Оның есесіне, олар жасырақ кезінде басқа
инфекциялар мен уларға онша шалдыға қоймайды. Кәрі малдарда ауру баяу өршіп,
сауығуы ұзаққа созылады.
Кейбір малдарда аурудың пайда болуы мен дамуы олардың өнімділігі мен
пайдаланылуына байланысты. Мәселен, сүтті сиырларда желінсау, жыныс органдары, әр
түрлі зат алмасудың бұзылуы, ал жылқыда – аяқ, шоқтық т. б. аурулар пайда болады.
Сонымен, патогенезді зерттеу патологиялық процесс динамикасын және сауығу
механизмін айқындауға мүмкіндік береді. Сол себепті ауруға диагноз қояды,
сақтандыруды және емдеуді дұрыс жүргізудің бұл маңызды мәселелерді шешуде айрықша
мәні бар.
4. ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ПАТОЛОГИЯДАҒЫ МӘНІ
Организмнің реактивтілігі және резистенттілігі туралы түсінік. Р е а к т и в т і л і к
–
латынша reactio
–
әсер деген сөзден шыққан. Реактивтілік –
организмнің тіршілік
44
әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті; ол да бүкіл тіршілік атаулының зат
алмасу, өсу, көбею т. б. маңызды қасиеттері секілді.
Организмнің р е з и с т е н т т і л і г і – оның патогендік факторлар әсеріне төзімділігі,
яғни қарсы тұру қабілеті. Екі термин де тірі организмнің негізгі қасиеттерін айқындайды,
әрі бірімен-бірі байланысты. Организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі аурудың пайда
болуында, дамуында, патологиялық процестердің өту барысында мәні бар. Сондықтан,
ауру патогенезін түсіну үшін организмнің осы қасиеттерін зерттеу қажет.
Реактивтілік және резистенттілік туралы түсінік көне медицина дәуірінде қалыптаса
бастады. Бұл жөніндегі мәліметтерді көне қытай және көне үнді медициналарынан табуға
болады. Алайда ол көне грек медицинасында неғұрлым нақты формада қалыптасты. Сол
кездің өзінде-ақ дәрігерлер әр түрлі адамдардың ауру тудыратын әрекетті түрліше
сезінетіндігін білді. Мұны Гиппо-крат организм сөлінің біркелкі араласпауынан –
дискразиядан деп түсіндірді.
Реактивтілік туралы ілімнің жаңа бағыты XVII ғасырдың аяғында басталды. Гиссон
(1672) тұңғыш рет бүкіл жанды организмді тітіркендіргіштік (irritabilitas) қасиетімен
сипаттады. Бұлайша деуі, сірә, тітіркендіргішті қабылдағыштығы және оған сыртқы
белгісі арқылы жауап қайтаруынан деп түсінгендіктен болар. Браун (1780) қағидасы
бойынша тіршілік үшін екі жағдай қажет: организм және тиісті орта.
Қорғаныш сипатындағы реактивтілік туралы ілімде И. И. Мечниковтың (1892, 1903)
қабыну және иммунитет саласындағы салыстырмалы – патологиялық зерттеулері үлкен
роль атқарды.
Оны иммунологиялық реактивтілік туралы ілімнің негізін қалаушы деп атауға болады.
Кейіннен аллергия туралы ілімді де негізінен иммунологтар жасады, соның нәтижесінде
реактивтілікті негізінен алғанда қорғаныш сипатындағы процеспен байланыстырды.
Мұны А. А. Богомолец те (1945)
атап көрсетіп, реактивтілікті конституциямен
байланыстырды және конституция туралы ілімнің жаңа бағытын құрды (П. Ф.
Здродовский, 1950 т. б.).
Н.
Н.
Сиротинин
(1934-1939)
кейбір
жағдайда
организм
реактивтілігі
резистенттілікпен сәйкес келмейтіндігіне көңіл аударды. Бұған айқын мысал ретінде
қысқы ұйқыны алуға болады. Мұндай жағдайда әр түрлі әсерге, мәселен, инфекцияларға
резистенттілік арта түседі де, жалпы реактивтілігі, сондай-ақ иммунологиялық және
аллергиялық реактивтілігі де кеми түседі.
Реактивтілік кез келген тірі организмге тән қасиет. Малдарда байқалатын
реактивтіліктің түрліше өзгеруі негізінен алғанда қорғаныш (бейімделу) сипатында
болады. Ол ортаның зиянды әсеріне қарсы әрекет етуге бағытталады. Эволюция
барысында тіршілік иесінің қалыптасуы күрделенумен қоса, реактивтілігінің формасы мен
механизмі де күрделене түсті. Жануар неғұрлым қарапайым қалыптасса, оның нерв жүйесі
де соғұрлым онша дамымаған, соған сәйкес оның реактивтілік формасы да қарапайым.
Жануардың қалыптасуы
неғұрлым жоғары болса, ол сыртқы ортаның алуан түрлі
әерлеріне соғұрлым белсенді, жан-жақты сезіне алады. Сонымен, «реактивтілік» термині
жалпылама
алғанда
организмнің
сыртқы
ортаның
зиянды
әсеріне
төзімділік
(резистенттілік) механизмін сипаттайды.
Реактивтілік мынадай үш формада білінуі мүмкін: көтеріңкі реактивтілік күйі –
Достарыңызбен бөлісу: