Курстық жұмыс келесі құрылымдардан тұрады:
1.Титулдық парақ (қосымша 1)
2. Мазмұны (қосымша 2)
3. Кіріспе. Оған сұрақтың даму тарихы, таңдалған тақырыптың өзектілігі мен әдіснамалық аппаратты тұжырымдау оны зерттеу жатады және келесі сызба арқылы жазылады: проблема, зерттеу нысаны, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты, зерттеудің ғылыми болжамы, курстық жұмыстың авторының алған міндеттері, әдістері мен зерттеу әдістемесі енеді. (1-2 бет).
4.Жұмыстың теориялық бөлігі. Зерттелетін тақырыптың негізгі түсініктерін ашу қарастырылады және жоспардың кейбір пунктерінің мазмұны енеді. Теориялық бөліктің мазмұнында зерттелуші сұрақтың тарихы мен теориясы ашады, әдебиет көздерінен талдау береді, зерттеліп жатқан проблема бойынша автордың позициясы көрсетіледі.
(20 – 25 бет).
5. Практикалық бөлік. Зерттеу процедурасы, әдістемесі сипатталады, сондай-ақ әдістемелік және дидактикалық материалдар әзірленеді. Зерттеудің барлық барысы мазмұндалады, өңдеу және талдау (сызба-кесте түрінде берілу мүмкін), алынған мәліметтерді жалпылау және оның интерпретациясы енеді. Дәлме -дәл, қалыптастырушы және бақылау эксперименттерден тұрады (5 – 10 бет).
6. Қорытынды. Жұмыс қорытындысында зерттеудің орындалуына баға беріледі, зерттеу нәтижесінің қойылған міндеттерге жауап бергені, зерттеу болжамының бекітілгені көрсетіледі, тұжырымдар мен ұсыныстар қалыптастырылады. (1-2 бет).
7.Әдебиеттер тізімі. Дереккөздер саны 15-тен кем болмауы шарт. 8. Қосымшалар. Әртүрлі эксперименттік жұмыстар барысында қолданылған көрнекі-ақпараттық материалдар, сондай-ақ осы экспериментті құптайтын балалардың практикалық жұмыстары енеді. (беттер санына шектеу қойылмайды).
Курстық жұмысты жазуда ұсынылған дереккөздерді терең зерделеу, зерттеу құпталады. Кітаптар мен мақалалардан мақсатты үзінділер келтіруге болады.
Әдебиеттерді талдау негізінде зерттеу проблемасының мәнін түсініп, оның негізгі сұрақтарын көрсетіп және оны шешудің өнімді жолдарын, сондай -ақ өз экспериментінің міндеттерін түсіну енеді.
Студент курстық жұмысты жетекшінің кеңесін қолданып дербес орындайды және оның алдында жұмыстың тұтас немесе жеке бөліктерін орындау барысы жайлы есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |