Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі
КЕЛІСІЛДІ
Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары
________Баймухамбетова Р. С.
«___»__________2021 г.
|
КЕЛІСІЛДІ
Басшының оқу-әдістемелік жұмысы
жөніндегі орынбасары
_________ Смаилканова А.А. «___»__________2021г.
|
Курстық жұмыстарды орындау үшін
колледждің барлық мамандықтарының
студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Павлодар, 2021
1. Курстық жұмыстың мәні
Курстық жұмыс – ғылыми және практикалық өзекті сұрақтарды қарастыратын дербес және шығармашылық ғылыми зерттеу, нақты проблемалар (педагогикалық) бойынша түсінік беретін және салаға сәйкес студенттің білімін куәландыратын материалды ғылыми тұрғыда мазмұндау болып табылады. Курстық жұмыс студенттің дербес ғылыми шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оның теориялық, кәсіби дайындығын және оқу материалын сапалы меңгеруін жоғарлатады.
Курстық жұмысты жазу барысында студент өзінің әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен, интернет ресурстармен жұмыс жасау, нормативтік және басқада құжаттарды талдап, дербес жұмыс тәжірибесінде қолданып, талдап, түзетіп және жалпылай алу білігін көрсетеді.
Курстық жұмыс тақырыбын студент таңдайды. Зерттеу тақырыбын таңдау оның өзектілігі мен практикалық маңыздылығы бойынша, бар бақылау материалдары бойынша анықталады, сондай-ақ студенттің қызығушылығы ескеріледі. Ұсынылған тақырып үлгі болуы мүмкін және оны өзгертуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |