5. Зерттеу нәтижесі мен қорытындыларын өңдеу
Экспериментті сапалы талдау іске асырылады. Нәтижені жалпылау негізінде сапалы талдау және зерттеу міндеттеріне сәйкес тұжырымдар анықталады, ол зерттелуші тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін анық ашып және тұлғаның одан ары тиімді даму жолдарын белгілейді. Одан ары өзінің практикалық жұмысында тәрбиелеу мен оқытудың нақты сұрақтарын шешу үшін эксперимент нәтижесін қалай қолданатынын көрсету қажет.
6. Курстық жұмысты рәсімдеу
Курстық жұмыстың бағдарлы көлемі – 30 – 40 баспалы бет (зерттеу бағытына байланысты).
Курстық жұмыс А-4 формат парағында рәсімделеді.
Мәтінді басу - біржолдық интервал, шрифт Times New Roman, кегль-14, абзац 1,25. Жолдар - 3 см сол жақ, 1,5 см – оң жақ, 1,5 см төмен және 1,5 жоғары жақ.
Мәтіннің парақтары титулдық парақтан басталып есептеледі, парақтардың нөмірленуі "Кіріспе" беттен басталады (титулдық парақ және мазмұны есептеледі, бірақ нөмірленбейді) оң жақ төменгі бұрышқа араб цифрымен қойылады.
Курстық жұмыстың титулдық парағы болады (Қосымша 1).
Курстық жұмыстың әрбір құрылымдық бірлігі жаңа жеке парақтан басталады және сәйкес негізгі тараудармен, қою шрифтпен айқындалып толықтырылады. Әрбір тарау атауынан кейін нүкте қойылмайды және мәтінді бөлку қабылданбайды.
Курстық жұмыстың мәтіні сауатты басылады және негізгі мәтін қысқартылмайды, шегіндірілмейді. Тек жалпы қабылданған атаудар мен шартты белгілер қысқартылыуы мүмкін, мысалы: тағы басқа-т.б, жыл-ж,
Таблица, сызба, кестені рәсімдеу
Атауын ортасына қоямыз, нөмірлеу өтпелі болады. Мәтінде ұсынылған таблица, диаграмма және сызбаның сипаттамалық ақпараттары мен осы ақпараттар туралы талдау болу шарт. Көлемді таблица қосымшада беріледі.
Суреттерді рәсімдеу барысында өтпелі нөмірлеу қолданылады. Суреттің атауы суреттің астына жазылады, мысалы: Сурет 1. «……»
Таблицаға, суретке және қосымшаларға бағыт (ссылка) болу қажет, мысалы: (қараңыз, Қосымша 1)
Әдебиеттер тізімі альфавиттік ретте басылады және дереккөзге бағыыттама беріледі (ссылка). Мәтіндегі әдебиеттерге бағыттама (ссылка) қолданылған немесе цитатадан кейін төртбұрыышты жақша түрінде ресімделеді, мысалы: [1], мұнда жақшадағы сан әдебиеттер тізіміндегі дереккөздер нөмірін көрсетеді.
Тізімге барлық қолданылған дереккөздер (жеке басылымдар, жинақтар, жорналдар, газеттер, интернет сайттары және т.б.) енеді. Дереккөздерді рәсімдеу барысында автордың тегі, аты, жұмысының аты, шығарылған жері мен жылы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |