7. Курстық жұмысты бағалау критерийі
Курстық жұмыс талаптарының сақталуы.
Мазмұнының ғылыми -теориялық деңгейі.
Курстық жұмысты жазу барысында студенттің қаншалықты дербес болғандығы.
Материалдың тақырыпқа сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы.
Мәтінді құрастыруда машығының көрінуі: әдебиет көздерімен жұмыс істеу білігі, бастысын айқындай білуі, талдауы, әдебиет тізімдерін сауатты рәсімдеуі.
Материалдың логикалығы және бірізділігі.
Жобаның практикалық бөлігінің сәйкестігі, қосымша сапасы.
Курстық жұмыстың дұрыс рәсімделуі және мерзімінде тапсырылуы.
8. Курстық жұмысты қорғау
Қорғау ашық және жабық болады. Бір адамға электрондық презентацияны қолданып қорғауына берілу уақыт интервалы 7-10 минут.
Курстық жұмысты жабық қорғау нақты пән бойынша сабақ беретін оқытушының жетекшілігімен жұмыс өткізілген топта өткізіледі.
Ашық қорғау топтан тыс, бөлімге, циклдік комиссия отырысында, әдістемелік оқыту семинарында және шеберлік класс, ғылыми -практикалық конференцияларға шығарылады.
Ашық қорғау материалы оқытушының жұмыс тәжірибесін жалпылау болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдарына, конференция материалдарында көрсетіледі, ғылыми -әдістемелік құрал шығарады. Курстық жұмыстың қорытындысы бойынша дифференциялық баға қойылады.
Рецензия жазылған курстық жұмыс оқу бөліміне тапсырылады. Кейбір жеке курстық жұмыстар пәндік-циклдік комиссияға көрнекілік ретінде және одан ары толықтыруға қалады.
Қосымша 1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Достарыңызбен бөлісу: |