Тақырып 6. Өзен ағысына байланысты мәселе есептер 2 сағат
Негізгі мақсаты: Өзен ағысына байланысты мәселе есептерді шығара білу ептілігін дамыту; Математика пәніне қызығушылықты тәрбиелеу.
Тақырып бойынша әмгіме
Мысалы:
Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 3 км/сағ
Есептер шығару № 6.1 – 6.12.
Денені шынықтыру
Үй тапсырмасы: № 6.13-6.14.
Қорытынды.
Тақырып 7.Жылдамдыққа байланысты мәселе есептер 2 сағат
Негізгі мақсаты: Жылдамдыққа байланысты мәселе есептерін шығара білу ептілігін қалыптастыру.
Тақырып бойынша әмгіме
Мысалы:
Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шығып, олар жол ортада кездескен. Бірінші пойыз екіншісіден 1 сағ кеш шығып, екінші пойыздың жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Әр поездың жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 45 км/сағ, 50 км/сағ
Есептер шығару № 7.1. – 7. 11.
Денені шынықтыру
Үй тапсырмасы: № 7.12. – 7. 14.
Қорытынды.
Тақырып 8. Жұмысқа байланысты мәселе есептер 2 сағат
Негізгі мақсаты: Жұмысқа байланысты мәселе есептерді шығара білу ептілігін қалыптастыру.
Тақырып бойынша әмгіме
Мысалы:
8.1. Егер екі насос бірге жұмыс істесе ыдысты 4 сағатта суға толтырады. Егер әрқайсысы жеке-жеке жұмыс істесе, 1-ші насос ыдысты 2-ге қарағанда 6 сағ аз уақытта толтырады. 1-ші насос жеке жұмыс істегенде ыдысты қанша сағатта суға толтырады?
Жауабы: 6 сағ
Есептер шығару № 8.1. – 8.12