DIR [диск:] [жол\] [файл аты] — белсенді каталогтан файлдардың тізбесін қарау командасы (ішкі);
Мысалы: DIR D: student\*.txt – экранға мәтіндік файлдардың аттарының тізімін шығарады;
DIR/W – ақпаратты қысқа түрде бағаналап шығарады; DIR/O – экранға ақпаратты реттеп шығарады;
MD [диск:] [жол\] [каталог аты] – айтылмыш атпен каталог құру командасы (ішкі);
Мысалы: C:\>MD D: GRUPPA\ – D дискіде GRUPPA деген каталог құрылды;
CD [диск:] [жол\] [каталог аты] – басқа каталогқа көшу командасы;
Мысалы: C:\> CD D: GRUPPA\
C:\ GRUPPA> - түбір C диск каталогынан GRUPPA каталогына көштік.
RD каталог аты – каталогты өшіру командасы; (Ескерту: MS-DOS – та тек бос каталогты өшіруге болады).