1.2.1 MS-DOS операциялық жүйесі
MS-DOS (Microsoft System Disk Operation System) ОЖ командаларды диалогты енгізу принципінде құрылған. Егерде DOS диалогка дайын болса, онда дисплей экранына мына шақыру шығарылады:
C:\>
Команданың құрамы атауынан және бос орынмен бөлінген, параметрлерінен (егер болса) тұрады. Команданы енгізу ENTER пернесін басумен аяқталады.
MS-DOS ерекше мүмкіндіктері
16-разрядтты процессормен тиімді жұмысы;
бір есептілілігі, яғни нақты уақыт сәтінде, бір программаның орындалуы;
жұмысы мәтіндік режімде;
ДК қосымша және кеңейтілген жадының жұмысы бойынша шек қою.
MS-DOS құрамы:
негіздік енгізу-шығары жүйесі (BIOS) модулі тұрақты сақтау
185
құрылғысында тұрады – ДК қосқанда процессорды, жадыны және құрылғылардың жұмыс жасауын тексереді, ОЖ жүктеушісін шақыру программасы тұрады;
ОЖ жүктеушісі – атауы жоқ, дискінің басында, бірінші сектордың, нөлінші жолында жазылған, ОЖ басқа модульдерін жүктейді;
негіздік енгізу-шығары жүйесін кеңейту модулі– стандартты емес құрылғыларға қызмет етеді (Io.sys файлы);
үзілістердіі өңдейтін модуль – басты модуль, жүйелік ресурсқа, оның ішінде файлдық жүйеге программалық сұраныстарды қолдайды, ДК құрылғыларын және программалық жасақтаманы әрекеттестіреді;
командалық процессор – пайдаланушының командаларын өңдейді (command.com файлы);
MS-DOS сыртқы командалары – арнайы қызмет жасайды (әдетте қатты дискіде DOS каталогында сақталады);
енгізу-шығару құрылғыларының драйверлері – сыртқы құрылғылардың жұмысына қызмет жасайтын жүйелік программалар;
MS-DOS файлдық жүйесі— ұзақ мерзімді жадының логикалық элементтерін ұйымдастыру тәсілі (файлдар, каталогтар және логикалық дискілер).
MS-DOS жүйесінде файлдың атауы –екі бөліктен құралады:
аты 8 таңбадан аспайтын латын алфавитінің символдары, әрі қарай нүктеден кейін, 3 таңбалық кеңейтімі. Мысалы: sys.com, io.sys, norton.exe.
MS-DOS командалары ішкі және сыртқы деп бөлінеді
MS-DOS сыртқы командалары дискіде орындаушы файл есебінде, жеке файлдарда сақталып, қажеттілігіне қарай шақырылады.
Ішкі командалар командалық процессормен (command.com) орындалады, сондықтан бұл командалардың өңделуі тездеу орындалады (сыртқыға командаларға қарағанда)
Достарыңызбен бөлісу: |