Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет115/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   234
Байланысты:
Информатика

ОЖ қызметтері

Басты қызметтері (қарапайым ОЖ):
жедел жадыға қосымшаларды жүктеу және оларды орындау;
сыртқы құрылғыларға (енгізу-шығару құрылғылары) стандартты кіру;
жедел жадыны басқару (үрдістер арасын бөлу, виртуалды

жады);
электр энергиясынан тәуелсіз тасымалдауыштардағы (қатты диск, компакт-диск, т.с.с) файлдық жүйеде ұйымдастылған деректерге кіруді басқару;


пайдаланушылық интерфейсі;

желілік амалдар, протоколдар стектерін қолдау.


Қосымша қызметтері:
есептерді паралельді немесе жалған паралельді орындау (көп есептілік);
үрдістер арасындағы әрекеттесу: деректермен алмасу, өзара үйлестіру;

183

пайдаланушының әрекеттерінен (білмегендіктен немесе арамдықтан) немесе қосымшалардан, жүйенің өзін, сонымен қатар пайдаланушылық деректерін және программаларды қорғау;


кіру құқығын шектеу және көп пайдалынатын жұмыс режімі (аутентификациялау, авторландыру).
ОЖ төрт бөлікке бөлуге болатын пограммалардан тұрады:

1) файлдық жүйені басқаратын, негіздік модуль;

2) командалық процессор;

3) сыртқы құрығылардың драйверлері;


4) графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін модульдер. Компьютердің жұмыс үрдісі, оның құрылғыларының арасында
файлдарды алмастыруға түйінделеді, яғни файлдық жүйені басқару болып табылады.
Файлдармен жұмысты – негіздік модуль арнайы программасы қолдайды.
Әр құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. Пайдаланушы компьютермен пернетақта және тінтуірдің көмегімен тілдеседі. Әр перненің немесе тінтуірдің батырмасының басылуы, процессорға қайсыбір команда болып ұсынылады. Команда енгізілген соң, арнайы программа – командалық процессор оны шифрын ашады және орындайды.
Сыртқы құрылғылар компьютердің жүйелік блогына арнайы келістіруші тақшалар (контроллер) арқылы қосылады. Әр құрылғы ерекше программа бойынша жұмыс істейді және ақпаратты әртүрлі жылдамдықта өңдейді, сондықтан олардың жұмысын процессордың жұмысымен үйлестіру қажет. Құрылғылардың келісушілік жұмысына ОЖ құрамына кіретін арнайы программалар – құрығылардың драйверлері жауап береді.
Пайдаланушыға компьютермен тілдесу үрдісі ыңғайлы болуы қажет. Қазіргі ОЖ құрамына міндетті түрде, графикалық интерфейсті жасайтын модульдер кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет