Ашу және сақтау үшін ұсынылған қапшықтың атауын өзгерту. Әдетте файлды сақтаған кезде «Мои документы» (Personal) қапшығы ұсынылады, бірақ Сіздің өз қапшығыңыз болса, ол көбінесе ыңғайсыз болуы мүмкін.
Сақтау үшін ұсынылған қапшықтың адресін ауыстыру:
Сервис Параметры Расположение Документы (екі рет сырт еткізіп және «үндемей» сақталу үшін, жаңа адресті теріп ОК
Закрыть). Енді «Открыть» немесе «Сохранить как» командаларынан кейін, өз қапшығыңызға ұзақ жол жасамайсыз.
Файлды басқа пішімде сақтау – Файл Сохранить как, Тип файлатерезесін сырт еткізу, сақталатын файлдың типін сырт еткізу, мысалы, Текст DOS және файлдың атауын теру Сохранить. Бұл Сіздің құжатыңыздың басқа қосымшалармен, мысалы, Word-ң ескілеу нұсқаларымен немесе DOS редакторларымен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажет болуы мүмкін.
Өз бетімен сақтау (Автосохранение). Егер теріліп отырған мәтінді әлсін-әлсін сақтауға мұршаңыз келмесе, онда өз бетімен сақтаудың уақыт аралығынатапсырыс беруге болады, ол үшін: – Сервис Параметры Сохранение Автосохранение каждые және опциядаминутпен уақытты беріп ОК. Бұл, егер кенеттен электр энергиясы өшкен жағдайда, Сіздің теріп отырған мәтініңіздің жоғалмауына кепілдік береді.
Жылдам пернелер