Ұяшықтың көрсеткіші – маркері бар төртбұрыш рамка. Ұяшықтар диапазоны – қос нүктемен бөлініп жазылады,
мысалы, А2:А5 жазылымы – А2, А3, А4, А5 ұяшықтар жиынын көрсетеді. Мысалы: A2:C3 жазылымы – жоғарғы сол жақ А2 ұяшығынан бастап төменгі оң жақ С3 ұяшығына дейінгі ұяшықтар дапазонын көрсетеді, яғни: A2, B2, C2, A3, B3, C3 ұяшықтарына сәйкес.
Ұяшықтар тізімі – нүктелі үтірмен бөлініп жазылады, мысалы: В1; С4; А1:А5; Z8. Тізім бір элементтен де тұруы мүмкін, мысалы (A1:A5; B1:C4; K1:M3; A4; B7).
Ұяшықтарға деректерді енгізу – ұяшықты шертіп, санды немесе мәтінді теріп, міндетті түрде Enter-ді немесе көрсеткіш пернелерінің біреуін немесе формулалар жолындағы жасыл (ввод) батырмасын басу қажет.
Ұяшықтарға өзіңіздің атауыңызды беру – Вставка Имя Присвоить, ұяшықтың жаңа атын теру. Ұяшыққа пайдаланушының атауын беру математикалық формулаларды үйреншікті түрде жазуға ыңғайлы.
Мысалы: трапецияның ауданын есептеу формуласы үшін: A2 ұяшығын A- деп, B2 ұяшығын B – деп, C2 ұяшығын H – деп, D2 ұяшығын S –деп атап, A, B, H ұяшықтарына мәндерін енгізіп алып, S ұяшығында: = (A+B)/2*H формула теріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |