Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет195/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   234
Байланысты:
Информатика

Толтыру технологиясы:

D2 ұяшығына мына формуланы: =В2-С2 (енгізу).


Ұяшықты толтыру маркерін қозғап D2 ұяшығынан D13-ке дейін формуланы барлық айларға таратамыз.
Е2 ұяшығына мына формуланы: =ECJIИ(D2>0;D2;" ") енгізіп, оны ЕЗ:Е13 ұяшықтар диапазонына таратамыз. Нәтижесінде,
бағанына оң қалдықтардың ауысқанын, ал теріс қалдықтардың орнына – бос орындар жазылғанын көреміз.
F2 ұяшығына мына формуланы: =ЕСЛИ(D2<0;D2;" ") енгізіп, оны F3:F13 ұяшықтар диапазонына таратамыз. Нәтижесінде, F
бағанына теріс қалдықтардың ауысқанын, ал оң қалдықтардың орнына – бос орындар жазылғанын көреміз.
Барлығы (итого) В14 ұяшығына барып, өзқосынды ∑ белгісін шертеміз және (енгізу).

Жыл бойы кірістің қосындысын аламыз. Толтыру маркерін



267

В14 ұяшығынан F14-ке дейін сүйрейміз – барлық баған бойынша қосындылар шығады.


Жыл басында ешқандай қор болмады дейік. Онда қаңтардан кейінгі қор, сол қаңтардың қалдығына тең болады.
Ол үшін G2 ұяшығына = D2 формуласын енгіземіз.
Ақпанда қаңтардың қорына, ақпанның қалдығы қосылғанда ақпанның қоры шығады, әғни G3 ұяшығына =G2+D3 формуласын енгізу керек.
Қалған айлар үшін қорлардың есептелу процедурасы осыған ұқсас. Сондықтан G3 ұяшығындағы формуланың әрекетін G4:G13 ұяшықтар диапазонына таратамыз. Осы барлық автоматты есептеулердің нәтижесі 3.8 суретінде бейнеленгендей болады.
Егер теріс сандарды қызыл түсті жасағыңыз келсе, онда D2:D14 ұяшықтарын ерекшелеңіз және ФорматЯчейкиЧисло Числовой және қызыл (–1234,10) нұсқаны шертіңіз.
Егер қорлар, 200-ден асып кеткен кезде ашық түске бояу керек болса, онда G2:G13 ұяшықтарын ерекшелеп  ФорматУсловное форматирование - Значение, Больше, 200, ФорматШрифт, ашық түсті тапсырып  ОК.
Графикті құру:

А1:А13 ұяшықтарын ерекшелейік.


Ctrl пернесін ұстап тұрып, жиналған қор бағанын – G1:G13 ұяшықтарын ерекшелейік.
Саймандар панеліндегі Мастер диаграмм батырмасын шерту немесе мәзір арқылы: ВставкаДиаграммаГрафикГотово.
12 ай бойы қор жинау графигін аламыз (3.9 сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет