Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Деректер қорымен жұмыс технологиясы



бет210/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   234
5. Деректер қорымен жұмыс технологиясы Жоспар

5.1. Деректер қоры ұғымы.

5.2. ДҚ деректердің құрылымы бойынша жіктелуі

5.3. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ)


5.1. Деректер қоры ұғымы
Деректер қоры – ақпараттық жүйелердің өте маңызды құрама бөлігі. Мұнда ақпараттық жүйелер туралы өте қысқа жалпы мәліметтер сипаталды. Негізінен деректер қорына көбірек зейін қойылды.
Ақпараттық жүйелер үлкен көлемді ақпараттарды өңдеуге және сақтауға арналған. Әуелгіде мұндай жүйелер жазба түрінде болған. Ол үшін, әртүрлі картотекалар, қағаз салатын қапшықтар, жорналдар, кітапханалық тізімдемелер (каталогтар) және с.с. қолданылған. Кез келген ақпараттық жүйе негізгі үш қызмет атқаруға тиіс: деректерді енгізу, деректер бойынша сұраныс жасау, есеп беруді құрастыру.
Деректерді енгізу. Жүйе, деректерді реттеу және жинақтау мүмкіндіктерін ұсынуға тиіс. Ақпараттың әрқашанда өзектілігін қолдау үшін, деректерді қарау, оларды дер кезінде толықтыру және өзгертулер енгізуді қамтамасыз ету қажет.
Деректер бойынша сұраныс жасау. Жүйеде жинақталған ақпараттың жеке бөліктерін табуға және қарауға мүмкіндік болуға тиіс.
Есеп беруді құрастыру. Ара-тұра ақпараттық жүйедегі деректердің үлкен тобын (немесе тіпті барлық деректерді) талдау және жалпылау қажеттілігі туындайды. Бұндай әрекеттер нәтижесі құжат түрінде ұсынылады.
Информатикада деректердің өзара байланысқан жиынтығын ақпараттық құрылым немесе деректер құрылымы деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет