Деректер қорының жалпы жұмыс сипаттамалары:
толықтығы – деректер қоры неғұрлым толық болса, соғұрлым онда керек ақпараттың болу ықтималдығы жоғары (бірақ, артық ақпарат болмауы керек);
дұрыс ұйымдастыру – деректер қоры неғұрлым жақсы құрылымданған болса, соғұрлым оның ішінен қажет мәліметтерді табу жеңіл болады;
өзектік– кез келген деректер қоры дәл және толық бола алады, егер ол тұрақты жаңартылып отырса, яғни деректер қоры уақыттың әрбір сәтінде, бейнелген объектінің жағдайына толығымен сәйкес болуы қажет;
пайдалану қолайлылығы – деректер қоры пайдалануға қарапайым, қолайлы және ақпараттың кез келген бөліміне қатынасудың дамыған әдістері болуы тиіс.
5.2. ДҚ деректердің құрылымы бойынша жіктелуі
Кез келген деректер қорының негізін ақпараттық құрылым (модель) құрайтын болғандықтан, деректер қоры үш үлгіге (типке) бөлінеді: кестелік (реляциялық), желілік және иерархиялық.
Алайда, реляциялық деректер қорына қарағанда, иерархиялық және желілік деректер қорлары анағұрлым кем тараған. Сонымен қатар, ЭЕМ программалық өнімдерінің құрамына кіретін белгілі ДҚБЖ-ң көмегімен іске асыруға келмейтіндіктен, оларды қарастырмаймыз.
5.2.1. Иерархиялық құрылымды деректер қорлары Деректер қорының иерархиялық моделі байланыстырылған
ақпаратты біріктірген, аталық (родитель) объектілерден ұрпақтарына (потомок) көрсеткіштермен бағытталған объектілерден тұрады.
Иерархиялық деректер қоры әртүрлі деңгейдегі объектілерден тұратын ағаш түрінде ұсынылуы мүмкін. Жоғарғы деңгейде бір объект орналасады, екінші деңгейде – екінші деңгейдің объктілері және т.с.
Объектілер арасы байланыста болады, сондықтан, әр объектіге төменгі деңгейлі бірнеше объект кіруі мүмкін. Мұндай объектілер ұрпаққа қарағанда алғы ата (предок) ретінде (түбірге жақындау) тұрады, оның ұрпағы болмауы да, немесе бірнеше ұрпағы болуы да
282
мүмкін. Ал керісінше, ұрпақтың міндетті түрде тек қана бір атасы болады. Ортақ аталары бар объектілер егіз деп аталады.
Мысалы, егер иерархиялық деректер қорында сатып алушы және олардың тапсырыстары туралы ақпарат болса, онда «сатып алушы» (ата) объектісі және «тапсырыс» (ұрпақты) объектісі болады. «Сатып алушы» объектісінен, көрсеткіштер, әрбір тапсырыс берушіден, «тапсырыс» объектісіндегі сатып алушының нақты тапсырыстарына бағытталып тұрады.
Бұл модельде, иерархия бойынша төмен қарай бағытталған тапсырыс, қарапайым (мысалы, бұл сатып алушыға қандай тапсырыстар жатады); алайда, иерархия бойынша жоғары қарай бағытталған, ол анағұрлым күрделі (мысалы, бұл тапсырысты қай сатып алушы орналастырды). Сондықтан, бұл модельді қолданғанда, иерахиялық емес деректерді елестету қиын.
Иерархиялық модельдерде аталары және ұрпақтары арасында сілтемелердің тұтастығы автоматты түрде қолдау табады. Негізгі ереже: ешқандай ұрпақ өз атасынсыз бола алмайды.
Түбірлі директориядан тұратын, ішкі директориялары және файлдар иерархиясы бар файлдық жүйе, иерархиялық деректер қорының мысалы бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |