Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет215/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   234
5.3.1. Accessтің негізгі объектілері
Кесте – деректерді сақтау үшін белгіленіп және пайдаланатын объект. Әр кестеге белгілі типті объект туралы ақпарат кіреді.
Жазбалар – кестелердегі деректермен толтырылған жолдар. Өріс – деректермен толтырылған кестеніњ баѓандары. Әр өріс
тек бір типті ақпаратпен толтырылады. ¤рістің қасиеттері – сол бағанада тұрған деректердің типі, сол өрістің символдық ұзындығы (Длина), бірегей атауы және Подпись, яғни кестенің бағанының тақырыбында тұрған ақпарат.
Өрістің типтері:
Мәтіндік – символдық ақпарат үшін (255 символға дейін). Үндемегенде – 50 символ қойылады.
Сандық – есептелуге арналған, бүтін және нақты сандар үшін. Сандық өрістің әртүрлі өлшемі (Размер) және диапозоны болады. Байт: 0-ден 255-ке дейінгі бүтін сандар үшін; бүтін сан (Целое):  32767; ұзын бүтін сан (Длинное целое):  2 147 483 648.
Ұзын бүтін сандар, есептеуге пайдаланудан басқа, кестелерді байланыстыру өрістері ретінде де қолданылады.
Жылжымалы нүктелі сан (С плавающей точкой) (4 байт): 

3.4*1038; және (8 байт):  1.7*10308.


Дата/Время – мерзім үшін. Әртүрлі пішімдері бар: Полный формат, Краткий формат және т.б.
Логикалық – логикалық мәндерді: ақиқат (Истина), жалған (Ложь) енгізу үшін.

287



Денежные – валютаны жазу үшін: тенге-тиын, рубль-копейки және т. б.
Счетчики (санауыштар) – жазбаларды нөмірлеу үшін (2 млрд.

дейін).
OLE бейнежазбаларды, музыкалық клиптерді, суреттерді сақтау үшін белгіленген өріс-ұяшығы.


MEMO өрісі 65 535 символға дейін ұзын мәтінді сақтау үшін. Кестемен жұмыс негізгі екі: Конструктор және Таблицы
(Кестелер) режімдерінде жүреді.
Конструктор режімі – жан-жақты, себебі кестені құрған кезде өрістердің атауын беруге, типін таңдауға және қасиеттерін баптауға мүмкіндік береді. Бұл режім, кестеде сақталған деректерді емес, оның құрылымын өзгерту үшін қолданылады.
Тәртібі: Таблица  Создать таблицу в режіме Конструктор.

Немесе Таблица  Создать  Конструктор  ОК.


Шыққан кестеде Имя поля бағанында атауы теріледі, Тип данных бағанында  белгісі шертіліп, сол өрістің типі таңдалады, ал Описа-ние бағанында енгізілген параметрлерге түсініктемелер енгізіледі (бірақ міндетті түрде емес). Свойства поля терезелерінде, осы бағандардың қосымша қасиеттері дәлденіп енгізіледі.
Басқа ұйяшықтарға ауысу үшін TAB немесе Enter пернелері қолданылады. Өрістердің барлық парметрлерін енгізілген соң:  Файл

Сохранить, кестенің атауын теру, мысалы Отделы және  ОК.
Создать ключевое поле сейчас? деген сұраққа Да батырмасын шерту.
Таблицы (Кестелер) режімі – деректерді қарау, қосу, өзгерту, қарапайым іріктеу немесе алып тастау үшін қолданылады. Таблицы (Кестелер) режіміне көшу үшін, деректер қорының терезесінде керек кестенің атауын екі рет шерту керек.
Сұраным (Запрос) – пайдаланушыға бір немесе бірнеше кестелерден деректер алуға мүмкіндік беретін объект. Деректерді таңдау, жаңарту немесе қосу сұранымдарын жасауға болады. Сұраным көмегімен, бір немесе бірнеше кестелердегі бар деректерді пайдаланып, жаңа кестелер жасауға болады.
Шын мәнінде, сұраным – пайдаланушының, деректер қорында сақтаулы тұрған ақпарат туралы, Access-ке қоятын сұрағы.
Сұранымды жасау негізгі екі: Конструктор және Таблицы (Кестелер)

режімдерінде жүреді.


Пішін (Форма) – негізінен, деректердің енгізуін ыңғайлы бейнелеуге арналған объект. Пішін – тек компьютер экранында көрінетін пішім (бланк). Пішіндер тек кестелер немесе сұранымдар негізінде құрылады. Сұранымдар негізінде пішіндерді құрғанда

288

бірнеше кестелерден ақпаратты ұсынуға болады. Пішінге суреттер, диаграммалар, дыбыс (аудио) және бейне (видео) суреттемелері кірістірілуі мүмкін.


Пішінмен жұмыс жасау режімдері:
пішін режімі деректерді қарау және түзету үшін қолданылады, деректермен жұмыс жасау ортасы жайлы және экранда ыңғайлы дизайнмен көрсетіледі;
пішіндердің конструктор режімі, пішіннің құрылымын немесе қалпын (оның ішіндегі деректерді емес) өзгерту қажет болғанда қолданылады.
кесте режімі пішіннің барлық өрістері кірген кестені көруіге мүмкіндік береді; бұл режімге көшу үшін, саймандар тақтасындағы кестенің батырмасын басу керек.
Есеп – бұл, кейін қағазға басылып шығарылатын немесе басқа қосымшаның есептеріне кіргізілетін құжатты жасауға арналған объект. Есеп, пішіндер сияқты, сұраным және кестелер негізінде жасалады, бірақ деректер енгізілмейді.
Есеппен жұмыс жасау режімдері:
Алдын ала қарау режімінде есептің баспаға шығарылатын түрі қандай болатынын көруіге болады. Есепті алдын ала қарау режімінде ашу үшін:
Отчеты бетбелгісін шерту;

деректер қорының терезесінде батырмамен қажет есепті

таңдау;

Просмотр батырмасын шерту.
Конструктора режімі есептің қалпын (құрылымын) өзгерту үшін қолданылады.
Макрос – Access-ң белгілі бір жағдайға жауап ретінде орындайтын, бір немесе бірнеше әрекеттердің құрылымды сипаттамалары бар, объект.
Мысалы, негізгі пішінде қандайда бір элемент таңдалған кезде, басқа пішінді ашатын макросты белгілеуге болады. Басқа макростың көмегімен, қандайда бір өрістің мазмұны өзгертілсе, оның мәнін тексеруге болады. Макросқа енгізілген әрекеттердің орындалуы ия орындалмауы үшін, оған қосымша шарттарды қосуға болады. Бір макростың ішінен басқа макросты немесе модульді жіберуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет