Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Реляциялық құрылымды деректер қорлары



бет214/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   234
5.2.3. Реляциялық құрылымды деректер қорлары Тәжрибелік қолданыста ең кеңінен тараған, ол реляциялық

деректер қоры екені белгілі.
«Реляциялық (ағылш. – relation, қаз. – қатынас, орысша – отношение) деген атау, кестедегі әрбір жазба (запись), тек қана бір нақтылы объектіге қатысты, ақпараттың болуына байланысты.
Реляциялық деректер қоры – бұл, қисынды байланысқан кестелерде тұрған деректер жиыны (қоры), және де әр кестедегі (анықтамаларға ұқсаған) ақпарат, тек қана бір объект туралы ғана болады. Ал кестелер арасында байланыстарды құру, кез келген кестелерден, кез келген деректерді жеңіл шығару және қатынасу мүмкіндігін береді.
Кесте, өріс (баған), жазба (жолдар) – реляциялық деректер қорының негізгі ұғымдарына жатады.
Айталық, музыкалық топтардың альбомдары туралы ақпарат жинағымыз келді делік. Кейбір альбомдар туралы ақпарат бар екен дейік: 1965, Led Zeppelin 4, Lp, Help!, Atlantic, 1971. Lp(England), EMI. 1970, Flash Gordon, Parlophone, 1980, Led Zeppelin 3, Soundtrack, Lp, Atlantic.
Бұл тізім, не туралы екені белгісіз. Мұндағы деректер жиынынан қандай да бір ақпаратты шығарып алу, іс жүзінде мүмкін емес. Ал, осы тізімді 1- кесте түрінде үсынайық.
1-кесте. Музыкалық топтардың альбомдары туралы ақпарат


Альбомның атауы

Шыққан жылы

Типі

Альбомның фирмасы













Help!

1965

Lp (England)

Parlophone













Led Zeppelin 4

1971

Lp

Atlantic













Led Zeppelin 3

1970

Lp

Atlantic













Flash Gordon

1980

Soundtrack

EMI












Енді ақпарат, қабылдауға және пайдалануға анағұрлым ыңғайлы болды. Ұсынылған кесте, реляциялық құрылымды ақпараттық модель болып табылады.


Жол (жазба) – барлық деректер өзара байланысқан, музыкалық альбом (топтар) туралы кажет ақпараттан тұрады.

284


Баған (өріс) – тек қана бір типті ақпараттан тұрады: мәтіндік (альбомның атауы, типі, альбомның фирмасы), сандық (шыққан жылы).
Әртүрлі қатынастың өзінің атауы болуға тиіс. «Топтың альбомы» деген атаумен деректер қатынасы болсын делік. Мұндай жағдайда, бір кестеден тұратын, деректер қорының құрылымы былай жазылады: Топтың альбомы (альбомның атауы, шыққан жылы, альбомның типі, фирмасы).
Алайда, қор, жалпы анықтауыштары (атрибуттары) арқылы өзара байланысқан, бірнеше кестелер негізінде жиірек құрылады.
Мысалы, «Рок-энциклопедиясы» деректер қоры екі: 2а және 2б кестелерінен тұрады делік.
2а-кестесі. Топтардың музыкалық альбомдары


Альбомның

Топтың

Альбомның атау

Шыққан

Альбомныңт

Фирмасы

коды

коды




жылы

типі






















25

1

Help!

1965

Lp (English)

Pariophone

36

2

Led Zeppelin 4

l97l

Lp

Atlantic

35

2

Led Zeppelin 4 -

1970

Lp

Atlantic

34

3

Flash Gordon

1980

Soundtrack

EMI


















2б-кестесі. Рок топтар




Топтың

Альбомның атау

Елі

Жасалған

Тараған уақыты

коды







уақыты



















1

The Bealles

Англия

1963

I970

2

Led Zeppelin 4

Англия

1989

-

3

Flash Gordon

Англия

199I

-















Бұл екі кесте өзара «Топтың коды» атты жалпы өріс арқылы байланысқан. 2а-кестесіндегі «Альбомның коды» өрісі, альбомдарды бірінен бірін айыру үшін жасалған. Бұл өте маңызды, себебі, кестеде атаулары бірдей альбомдар болуы мүмкін.


Егер осы екі кестелерді біреуге біріктірсек (2.1-кестесі), онда бірден артық кестелерді қолдану қажеттілігі көзге айқын көрінеді.
Белгілі топтың альбомдары туралы 2.1-кестесіне енгізген кезде, әрдайым, кестенің бірінші төрт өрісіне ақпараттың қайталанып отырғаны көрінеді.
Деректер қорында бірдей деректер (топтың атауы, елі, жасалған уақыты, тараған уақыты) қайта-қайта сақталғанда, жады тиімсіз қолданылады, сонымен қатар, деректерді қате енгілу ықтималдығы өседі. Деректерді кестелерге бөлу арылы, мұндай

285

қиындықтардан құтылуға болады.


2.1-кестесі. 2а және 2б кестелерінің біріктірілуі


Топтың

Елі

Жасалған

Тараған

Альбомның

Шық.

Альбом

Фирмасы

атауы




уақыты

уақыты

атауы




жылы

ның типі


























































The

Англия

1963

I970

With

the

1963

Lp

Pariophone

Beatles










Beatles








































The

Англия

1963

I970

Please,




1963

Lp

Pariophone

Beatles










please me


































The

Англия

1963

I970

Rubber soul

1963

Lp

Pariophone

Beatles
























Бұл кестелерде белгіленген байланыстар арқылы, білуге болатын нәрселер:

топ неше альбом шығарды;

EMI фимасының альбомдары шығарылды ма;


қай жылы альбомдардың ең көп саны шығарылды және т.б. Сұраныстарға жауаптар, кестені жол және баған бойы «кесу»
және «желімдеу» арқылы алынады. Осы себепті, сұраныстар кесте пішімінде болатыны айқын.
Деректер қоры – затында ақпарат қоймасы екенін айта кету керек. Сол себепті, деректер қорымен жұмыс қалжыратады, көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Деректер қорын ұжыммен пайдалану мүмкіндігін жасау, жүргізу және іске асыру үшін, деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) деп аталатын программалық құралдар қолданылады.
Деректер құрылымын құру келесі тәртіппен өтеді:

сипатталу объектілері анықталады;

бұл объектілердің құрылымдары анықталады;
объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін, құрылымның типі (кестелік, иерархиялық, желілік) таңдалады;
нақты ақпараттық құрылым қүрылады.
5.3. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі Microsoft Access — Microsoft корпорациясының реляциялық
деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ). Access кең спектрлі қызмет атқарады, соның ішінде, байланысқан сұраныстар құрастыруды, бөлек-бөлек өрістер бойынша іріктеуді, сыртқы кестелермен және деректер қорымен байланыс жасауды және т.б. Кірістірілген VBA (Visual Basic Aplication) тілдің арқасында, Access-ң тура өзінде деректер қорымен жұмыс жасайтын қосымшалар жазуға болады.
Access – ағылшын тілінен аударғанда «кіруге болады», «рұқсат», «кедергісіз кіру» (орысша «доступ») дегенді білдіреді.
Microsoft Access- ң белгілі болу себептері мынада:

286

Access деректер қорымен негізгі жұмыс принциптерін тез игеруге мүмкіндік беретін, кәсіби маманға да, жаңа үйреніп жүрген пайдаланушыға да, кіруге жеңіл және ұғынықты жүйелердің бірі.
жүйенің нұсқасы толығымен орысшыланған;
Microsoft Office дестесіне кіретін Word, Excel, Power Point, Mail қосымшаларымен толықтай ықпалданған;
Windows идеалогиясы ақпаратты әдемілеп түрлі түсті және көрнекі ұсынуға мүмкіндік береді;
OLE технологиясын пайдалану мүмкіндігі, басқа қосымшалардың объектілерімен байланыс орнатуға немесе Access-ң деректер қорына қандай да болса объектілерді енгізуге рұқсат етеді;
WYSIWIG технологиясы пайдаланушыға үнемі өз әрекеттерінің нәтижесін көруге мүмкіндік береді;
анықтамалық жүйе кеңінен және көрнекі ұсынылған;
объектілерді құратын, кестелерді, пішімдерді және есептерді жасауды жеңілдететін «шеберлер» жиынтығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет