Мысалдар қаратырайық:
Қорабта 50 шар бар. Оның ішінде 40 ақ және 10 қара шар. Қорабтан шарды «қарамай» шығарғанда, ақ шардың түсу ықтималдылығы қара шардан жоғары екені айқын.
Дастан – сыныпта алдыңғы қатардағы оқушы. Математиканың бақылау жұмысынан Дастанның екілік баға алуынан «5» бағасын алу ықтималдығы көбірек.
1-ші мысалда қара шардың түсу ықтималдылығын – рқ деп, ақ шардың түсу ықтималдылығын - ра деп белгілейік. Онда:
рқ = 10/50 = 0,2; ра = 40/50 = 0,8.
Яғни, ақ шардың түсу ықтималдылығы кара шарға қарағанда 4 есе көп екені айқын.
2-ші мысалда Дастанның бірнеше жылғы үлгерімі зерттелді деп елестетейік. Сол уақыт ішінде ол математикадан 100 баға алды. Оның ішінде: 60 бестік, 30 төрттік, 8 үшік, 2 екілік. Бағалардың осындай таратылымы әрі қарай да сақталады деп жобалап, әр бағаларды алу ықтималдылығын есептейік.
Р5 = 60/100 = 0,6; Р4 = 30/100 = 0,3; Р3 = 8/100 = 0,08; Р2 = 2/100 =
0,02.
Қарастырылған мысалдардан келесі қорытынды жасауға болады:
Егер, N – қандай да бір үрдістің шығыс мүмкіндіктерінің жалпы саны (шарды шығару, баға алу), ал, соның ішінен бізді ынталандыратын оқиға (ақ шарды шығару, бес деген баға алу) К рет болатын болса, онда оқиғаның болу ықтималдылығы K/N-ге тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |