Ақпарат саны және ықтималдық
1
Кәрзенкеде 8 қара және 24 ақ шарлар жатыр. Қара шар шықты деген хабар қанша ақпарат әкеледі?
№ 2
Кәрзенкеде 32 шүйке жүн жатыр. Оың ішінде – 4 қызыл. Қызыл шүйке жүн алынды деген хабар қанша ақпарат әкеледі?
№ 3
Қорабта 64 түрлі түсті қарындаштар жатыр. Ақ қарындаш
алынды деген хабар 4 бит ақпарат әкелді. Қорабта неше ақ қарындаш
болғаны?
№ 4
Жәшікте биялайлар жатыр (ақ және қара). Олардың арасында – 2 қос қара биялай. Жәшіктен қос қара биялай алынды деген хабар 4 бит ақпарат әкелді. Жәшікте барлығы неше қос биялайлар болды?
№ 5
Сыныпта 30 адам. Математикадан бақылау жұмысынан 6 бестік, 15 төрттік, 8 үштік және 1 екілік бағалары алынды. Бейсенов төрт алды деген хабарда ақпарат мөлшері қандай?
№ 6
Жәшікте 20 шар жатқаны белгілі. Оның ішінде 10 – қара, 5 – ақ, 4 – сары және 1 – қызыл. Жәшіктен кездейсоқ түрде қара шар, ақ шар, сары шар, қызыл шар алынды деген хабарларларда ақпарат мөлшер-лері қандай?
№ 7
Оқушы тоқсан бойы 100 баға алды. Оның төрт алуы туралы ха-бар 2 бит ақпарат әкеледі. Оқушы тоқсан бойы неше төрттік алды?
№ 8
Мектепті жөндеу үшін ақ, көк және қоңыр боялары қолданыл-ды. Ақ және көк боялардан саны бірдей құтылар жұмсалды. Құтыда ақ бояу бітті деген хабар, 2 бит ақпарат береді. Көк бояудан 8 құты жұмсалды. Мектепті жөндеуде қоңыр бояудың неше құтысы жұмсал-ды?
№ 9
Кәрзенкеде ақ және қара шарлар жатыр. Олардың ішінде 18 қара шарлар. Кәрзенкеден ақ шар алынды деген хабар 2 бит ақпарат әкеледі. Кәрзенкедегі барлық шарлардың саны қанша?
№ 10
44
Орыс тілінің жиілік сөздігі – кез-келген мәтінде әріптердің көріну ықтималдылықтарының (жиіліктерінің) сөздігі – төмендегі кестеде келтірілген. Осы сөздіктің әрбір әрпі қанша ақпарат мөлшерін беретінін анықтаңыздар.
-
Достарыңызбен бөлісу: |