Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Есептеуіш техниканың арифметикалық негізі



бет34/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   234
Байланысты:
Информатика

3. Есептеуіш техниканың арифметикалық негізі Жоспар

3.1. Санау жүйелері.

3.2. Компьютерде қолданылатын санау жүйелері.

3.3. Ондық жүйедегі бүтін санды кез келген басқа жүйелерге


аудару тәртібі.
3.4. Дұрыс ондық бөлшек санды кез келген басқа жүйелерге аудару тәртібі.
3.5. Екілік (сегіздік, оналтылық) жүйедегі санды ондық жүйеге аудару.
3.6. Позициялық санау жүйелерде арифметикалық амалдар.
3.1. Санау жүйелері
Санау жүйесі – арнайы белгілер (цифрлар) жиынтығының көмегімен сандарды атау мен белгілеу тәсілі.
Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді.
Позициялық емес санау жүйесіндесанды құраған әрбір цифрдың мәні, оның санда тұрған позициясына байланысты емес.
Ондай санау жүйенің мысалы ретінде римдік санау жүйесін келтіруге болады. Римдік жүйеде цифр ретінде латын әріптері қолданылады:
I V X L C D M

1 5 10 50 100 500 1000


Мысалы, римдік ХХI санында бірінші Х-те он санын, екінші Х-те он санын және I- бірді көрсетеді.
Позициялық емес санау жүйелердің кемшілігі, сандардың формалды жазылу ережелерінің жоқтығы, сондықтан олармен арифметикалық амалдардың жасалмауы (дегенмен дәстүр бойынша кітаптарда тарауларды, тарихта ғасырларды және т.б. нөмірлеуге жиі қолданылады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет