Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Байт. Жадыда қатарынан орналасқан сегіз бит - байтты



бет48/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   234
Байланысты:
Информатика

Байт. Жадыда қатарынан орналасқан сегіз бит - байтты құрастырады. Жадының бір байтында бір байт ақпарат сақталады. Компьютердің ішкі жадында барлық байттар нөмірленеді. Нөмірлеу нөлден басталады. Байттың реттік нөмірі оның адресі деп аталады. Компьютерде адрестер екілік кодпен белгіленеді. Сонымен қатар адресті белгілеудің оналтылық формасы да қолданылады.
1-мысал. Компьютердің жедел жады 2 Кбайтқа тең дейік. Жедел жадының соңғы байтының адресін көрсету керек (ондық, оналтылық, екілік).
Шешімі.
Жедел жадының көлемі 2048 байтты құрайды. Жадыдағы байттардың нөмірленуі нөлден басталуына байланысты, соңғы байттың ондық адресі 2047-ге тең болады.

Жауабы: 204710= 7FF16= 0111 1111 11112.

Машиналық сөзбиттер немесе байттар мен өлшенетін
процессордың регистрлерінің разрядтылығына және/немесе деректер шинасының разрядтылығына (әдетте екінің кейбір дәрежесі) тең шама.

1-тарау. §2. 2.1-пункті. «Ақпарат санын өлшеуді анықтау. Хартли және Шеннон формулалары»


91

Машиналық сөзді — процессордың біртұтас өңдей алатын биттер тізбегі деп айтуға болады. Машиналық сөздің ұзындығы әртүрлі — 8, 16, 32, 64 бит болуы мүмкін.
Компьютер жадындағы машиналық сөздің адресі, сол сөзге кіретін кіші байттың адресіне тең.
Ақпаратты жадыға кіргізу және де оны жадыдан шығару адреспен орындалады. Жадының осы қасиетін адрестеу1 деп атайды.

2-мысал. Компьютерде жедел жадының көлемі 1 Мбайт, ал соңғы машиналық сөздің адресі — 1 048574. Машиналық сөздің өлшемі нешеге тең?
Шешімі. 1 Мбайт = 1024 Кбайт = 1 048 576 байт.
Байттардың нөмірленуі нөлден басталатындықтан, соңғы байттың адресі 1 048 575-ке тең болады. Сонымен, соңғы машиналық сөзге 1 048 574 және 1 048 575 нөмірлі екі байт кіреді. Жауап: 2 байт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет