5.4. Символдық ақпарат. ASCII коды Компьютерде, ақпаратты кодтау және кері кодтау үрдісін орындауға ыңғайлы болу үшін, ұзындығы біркелкі кодтар қолданылады.
Мысал ретінде, ағылшын тілінің барлық әріптерінің, символдарының, кодтау комбинацияларының ең ықтимал ұзындығын санап көрейік:
әріп 2-ге көбейтіледі (үлкен және кіші) – барлығы 52;
цифр;
тыныс белгілері; бөлетін белгілері (үш түрлі жақша, бос орын және басқа); математикалық амалдар белгілері, бірнеше арнайы символдар (#, $, & типтес және басқалар) – барлығы – 100. Енді, бізге мынадай қарапайым есепті шығару қажет: біркелкі код Nекілік белгілер тобынан болса, неше әртүрлі кодтық комбинациялар жасауға мүмкіндік болады?