Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет66/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   234
Байланысты:
Информатика

Дискреттеу жиілігіол 1 секундта енген сигналдың өлшенген саны. Жиілік герцпен (Гц) өлшенеді.
Бір секундта бір өлшем 1 Гц жиілікке сәйкес. Бір секундта 1000 өлшем – 1 килогерц (кГц). Аудиоадаптерлердің ерекше дискреттеу жиіліктері: 11 кГц, 22 кГц, 44,1 кГц және т.б.
Регистрдың разрядтылығыаудиоадаптердің ригистындағы бит саны.
Разрядтылық енген сигналдың өлшеу дәлдігін анықтайды. Разрядтылық неғұрлым көп болса, электр сигналының әр жеке шамасының санға және кері түрленуі соғұрлым дәлірек болады.
Егер разрядтылық 8 (16) тең болса, онда енген сигнал өлшенген кезде 28 = 256 (2 16 = 65536) әртүрлі мәндер алынуы мүмкін. Әлбетте, 8-разрядтылыққа қарағанда, 16- разрядтты аудиоадаптер дыбысты дәлірек кодтайды және жаңғыртады.
Дыбыс файлыдыбыстық ақпараттың сандық екілік түрінде сақталған файл. Әдетте, дыбыс файлдарындағы ақпаратты қысуға болады.
1-ші мысал
Дискреттеу жиілігі 22,05 кГц және шешушілігі 8 бит, дыбысталу (орысша звучание) уақыты 10 секундты құрайтын, цифрлық дыбыс файлының өлшемін (байтпен) анықтау. Файл қысылмаған.
Шешімі

Цифрлық дыбыс файлының (бір дыбысты) өлшемін (байтпен)

есептеу формуласы:
(Гц-пен дискреттеу жиілігі)*(секундпен жазу уақыты)*(биттік шешушілігі)/8.
Сонымен, файлдың өлшемі былай есептеледі:

22050 * 10 * 8 / 8 = 220500 байт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет